Бүгін: 20 сәуір 2018 жыл, (03:35)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ!

31 желтоқсан 2017, Жексенбі164

Ардақты ағайын!

Ғасырлар жылнамасында тағы бір жыл тарих қойнауында қалды. Өтіп бара жатқан тауық жылы еліміз үшін айтулы оқиғалар мен ауқымды істерге толы мерейлі жыл болды. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметін бастады. Жаһан жұртшылығының назарын аударған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің табысты өткені баршамызға мәлім. Сонымен қатар, Алматыда дүниежүзілік Қысқы универсиаданың алауы жағылды. Астанада Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті. Мұндай дүние жүзі көз тіккен маңызды шаралардың елімізде өтуі-біз үшін зор абырой, әрі үлкен жауапкершілік. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен рухани жаңғыруға бет алған Ұлы Дала елі ұлан-ғайыр істерді атқарды. Соның ішінде, Арал ауданы да барлық салада толағай табыстарға қол жеткізді.

Табалдырығымыздан аттағалы отырған 2018 жылы қазақстандықтардың ел болып еңсерер белестері мен жұрт болып жұмылар істері ауқымды. 
Қымбатты жерлестер!

Жаңа жыл тың бастамалар мен жоспарлардың кезеңі. Әр адамның өз арман-тілектерін, сенімін еселеп, болашағына үлкен үміт артатын шақ.

Барша халық асыға күтетін осы мерекеде әр шаңыраққа ырыс пен ынтымақ ұялап, бақ-береке дарысын деп тілеймін. Айдан аман, жылдан есен болып, еліміздің өрісі кеңейіп, табысы таси берсін! Жаңа жыл құтты болсын!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі Мұхтар ОРАЗБАЕВ.

Ұқсас жаңалықтар

31 желтоқсан 2017, Жексенбі164
31 желтоқсан 2017, Жексенбі164
31 желтоқсан 2017, Жексенбі164
31 желтоқсан 2017, Жексенбі164
31 желтоқсан 2017, Жексенбі164
31 желтоқсан 2017, Жексенбі164
31 желтоқсан 2017, Жексенбі164
31 желтоқсан 2017, Жексенбі164
31 желтоқсан 2017, Жексенбі164
31 желтоқсан 2017, Жексенбі164
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62