Бүгін: 20 сәуір 2018 жыл, (03:35)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

БӨГЕНДІКТЕР ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНДІ

31 желтоқсан 2017, Жексенбі157

Арал ауданының орталығынан шалғай орналасқан Бөген елді мекенінің жұртшылығы бұған дейін ауыз судың азабын аз тартқан жоқ. Елімізде жүзеге асып жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында халық үлкен қуанышқа кенеліп отыр. Кезінде иін ағаш пен су тасығыш көлікпен су тасып ішуге мәжбүр болған ауыл тұрғындар бүгінгі таңда сапалы әрі таза ауыз суды үй-жайларында емін-еркін пайдалануға қол жеткізді.

Осыған орай бүгін Бөген елді мекенінің ішкі су желілерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарының аяқталып, іске қосылуына орай салтанатты шара өтті. Оған арнайы қатысқан аудан әкімі М.Оразбаев тұрғындарды қос қуанышпен құттықтап, «Айбынды Аралымыз ел егемендігін алған 26 жылдың ішінде көптеген табыстарға қол жеткізіп келеді. Оның барлығы Елбасының көреген саясатының арқасы. Сіздер үшін ауыз су мәселесі алдыңғы орында еді. Енді міне елді мекен тұрғындарын көптен бері толғандырған мәселе де өз шешімін тауып отыр.

Оның барлығы - елімізде жүзеге асып жатқан мемлекеттік қолдаулардың шарапаты», - деп, мұндай іргелі істер алдыңғы жылдары жалғасатындығын тілге тиек етті. Өз кезегінде сөз кезегін алған ауыл ақсақалдары да күрмеуі қиын мәселенің шешімін тауып, ел игілігіне бағытталған жұмыстарға ризашылықтарын жеткізіп, ақ тілектерін жолдады. 

Айта кету керек, құрылыс барысында елді мекенде 22 шақырым полиэтилен құбыры тартылып, 212 нысанға су есептегіш құрылғысы, 114 дана байқау құдығы мен 49 дана гидрант орнатылған.

Ұқсас жаңалықтар

31 желтоқсан 2017, Жексенбі157
31 желтоқсан 2017, Жексенбі157
31 желтоқсан 2017, Жексенбі157
31 желтоқсан 2017, Жексенбі157
31 желтоқсан 2017, Жексенбі157
31 желтоқсан 2017, Жексенбі157
31 желтоқсан 2017, Жексенбі157
31 желтоқсан 2017, Жексенбі157
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62