Бүгін: 17 шілде 2018 жыл, (03:44)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

АРАЛҚҰМ ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

31 желтоқсан 2017, Жексенбі244

Бүгін Аралқұм жұртшылығы үшін ерекше қуанышқа толы күн екендігі даусыз. Су – тіршілік көзі. Халық денсаулығының мықты болуы да таза ауыз судың сапасына байланысты. Жұртшылықтың талап-тілегі біреу. Ол ауыз судың сапалы әрі қолжетімді болуы. Осы жайттар мемлекет тарапынан ескеріліп, мемлекеттік қазынадан қаражат бөлініп, жұртшылық үшін аса маңызды болып отырған ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оңтайлы шешімін тауып келеді. Күрмеуі қиын мәселе бүгінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Бұл бағытта біздің ауданымызда айтарлықтай істер атқарылуда. 
Мәселен, биыл ауданымыздағы 7 елді мекенде ауыз сумен қамту жүйелерін жүргізу қолға алынып, қарқынды жұмыстар жүргізілді.
Бүгін мінекей осы ілкімді істердің нәтижесіне қол жетіп, Аралқұм ауылың ауыз суы іске қосылды. Құрылыс барысында елді мекенде 28 шақырым полиэтилен құбыры тартылып, 242 нысанға су есептегіш құрылғысы, 129 дана байқау құдығы мен 58 дана гидрант орнатылған.
Жаңа жыл қарсаңында жағымды жаңалыққа куә болған тұрғындардың бұл қуанышын аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бөлісіп, баршаны мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Сонымен қатар, ауыл ардагерлері мен жергілікті жұртшылық әр үйге сапалы ауыз су жеткізіп беруге күш салған азаматтырымыз бен елімізде жүріп жатқан сындарлы саясатқа шексіз риза екендіктерін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

31 желтоқсан 2017, Жексенбі244
31 желтоқсан 2017, Жексенбі244
31 желтоқсан 2017, Жексенбі244
31 желтоқсан 2017, Жексенбі244
31 желтоқсан 2017, Жексенбі244
31 желтоқсан 2017, Жексенбі244
31 желтоқсан 2017, Жексенбі244
31 желтоқсан 2017, Жексенбі244
31 желтоқсан 2017, Жексенбі244
31 желтоқсан 2017, Жексенбі244
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62