Бүгін: 12 желтоксан 2018 жыл, (17:17)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

11 қаңтар 2018, Бейсенбі422

Әр аймақтың, тіпті әр аудан мен ауылдың өзіндік ерекшеліктері болады. Кейбір мәселелер сол жергілікті тұрғындар үшін маңызды екендігі де рас. Мұндай мәселелер көбіне тұрғындармен кездесу кезінде тікелей айтылады. Өзге жағдайда, арнайы өтініш хаттар арқылы да жетіп жатады.
Осы орайда, өткен жылы Арал ауданы әкімінің тұрғындар алдындағы есепті кездесуі кезінде жалпы саны – 69 ұсыныс-тілектер тіркелген болатын.

Ендеше, аталған мәселелердің жыл көлемінде орындалу барысын назарларыңызға ұсынамыз.

САЗДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

1)Аудандық маңызы бар Сазды елді мекеніне кіре беріс автомобиль жолын жаңадан салу бойынша – 2017 жылға республикалық және облыстық бюджеттен қаралған қаржыға «Сазды елді мекеніне кіре беріс» автомобиль жолының құрылысын жүргізу үшін Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу веб-порталына ашық конкурс жарияланып, нәтижесінде 03.05.2017 жылы «Дорстрой» ЖШС-мен № 41 келісім - шарт жасалды. Нәтижесінде, аталған жұмыс 100 пайызға атқарылды.

2)Елді мекеннен шағын спорт алаңын салу және «Балауса» балабақшасына жөндеу жұмыстарын жүргізу жолдарын қарастыру жөнінде - Сазды ауылынан ашық шағын спорт алаңын салу жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржысы бөлініп, өткен жылдың шілде айында ашық шағын спорт алаңының құрылысы аяқталып, тапсырысқа берілді. Ал, аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 6 наурыздағы кезектен тыс 12 сессиясының №68 шешімімен «Балауса балабақшасы» МКҚК-ның ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы көздері қарастырылып, 2017 жылдың 21 шілдесінде ғимараттың жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Ұқсас жаңалықтар

11 қаңтар 2018, Бейсенбі422
11 қаңтар 2018, Бейсенбі422
11 қаңтар 2018, Бейсенбі422
11 қаңтар 2018, Бейсенбі422
11 қаңтар 2018, Бейсенбі422
11 қаңтар 2018, Бейсенбі422
11 қаңтар 2018, Бейсенбі422
11 қаңтар 2018, Бейсенбі422
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62