Бүгін: 16 қазан 2018 жыл, (15:14)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

АРАЛДЫҢ ӨНДІРІСІНДЕ ӨРКЕНДЕУ БАР

08 ақпан 2018, Бейсенбі337

Арал ауданының экономика салаларын дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған Жол картасы аясында 114,0 млрд теңгенің 84 жобасы іске асырылатын болды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев мәлімдеді.

Ауданның 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаған Мұхтар Әуесұлы алдағы атқарылатын міндеттерге де тоқталып өтті.

2018 жылы 29,4 млрд теңгені құрайтын 37 жобаны іске асыру межеленсе, оның 29 жобасы нақты осы жылы іске асырылады, ал қалған 8 жоба 2018 жылға өтпелі жобалар болып табылады. Соның ішінде, осы жылы бастау алатын мега-жоба – бұл «Кальцилендірілген сода өндіру» зауытының құрылысы.

Ауданға өткен жылы тартылғын инвестиция көлемі 10,5 млрд теңге. Сондай-ақ, өнеркәсіп орындары 9,0 млрд теңгеге жуық өнімдерін өндіріп, салыстырмалы уақытта нақты көлем индексі 102,0 пайызды құрады.

«Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына ауданнан 3,7 млрд теңгенің 7 жобасы енгізілді. Бұған дейін 4 жоба жұмыс жасап келген болса, 2017 жылы қосымша 2 жоба іске қосылды. Ол «Қаптама кірпіш өндіру» жобасы мен «Асфальт-бетон зауыты» жобасы. Ал, республикалық индустрияландыру картасына енген 93,5 млрд теңгенің «Кальцилендірілген сода өндіру» жобасы бойынша зауыт құрылысы биыл басталады» - деді Мұхтар Әуесұлы.

Ұқсас жаңалықтар

08 ақпан 2018, Бейсенбі337
08 ақпан 2018, Бейсенбі337
08 ақпан 2018, Бейсенбі337
08 ақпан 2018, Бейсенбі337
08 ақпан 2018, Бейсенбі337
08 ақпан 2018, Бейсенбі337
08 ақпан 2018, Бейсенбі337
08 ақпан 2018, Бейсенбі337
08 ақпан 2018, Бейсенбі337
08 ақпан 2018, Бейсенбі337
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62