Бүгін: 25 мамыр 2018 жыл, (18:38)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

АРАЛДА АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

05 ақпан 2018, Дүйсенбі213

Бүгін Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді Арал ауданында жүзеге асыру жұмыстарын талқылау, жоспарларды айқындау және Жолдаудың негізгі басымдықтарын талдау мақсатында аудан әкімдігінде идеологиялық актив жиыны өтті.
Аудан басшысы Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен өткен жиынға аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, ардагерлер, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты. Идеологиялық актив жиынында ең алдымен сөзін алған аудан әкімі маңызды құжаттың негізгі міндеттеріне жеке-жеке тоқталып, жолдаудан туындайтын бірқатар шараларды жүзеге асырудың жолдарын айтты. Сонымен бірге, аудан көлемінде атқарылуы тиіс жұмыстардың барысын түсіндіріп, Жолдау жүктеген міндеттерді бірлесе жүзеге асыру керектігін жеткізді. 
Одан әрі жиын барысында «Цифрлы Қазақстан», «Адами капитал-жаңғыру негізі» бағыттарын жүзеге асыру және «Елбасы Жолдауы-жаңа әлемге бейімделу мен жетістікке жету жолы, жастарға бағдар» сынды тақырыптар кеңінен талқыланды.
Соның ішінде, «Цифырлы Қазақстан» бағдарламасының ауданда жүзеге асырылуы жөнінде аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Бохаев, «Адами капитал-жаңғыру негізі» тақырыбында аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова және «Елбасы Жолдауы-жаңа әлемге бейімделу мен жетістікке жету жолы, жастарға бағдар» тақырыбында аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ә.Ізбасаров хабарлама жасады.
Жиын соңында аудан әкімі М.Оразбаев Жолдауды өңір тұрғындарына кеңінен түсіндіретін ақпараттық насихат топтарын құруды, медиа-жоспар дайындап, насихат жұмыстарын жандандыруды жүктелді.

Ұқсас жаңалықтар

05 ақпан 2018, Дүйсенбі213
05 ақпан 2018, Дүйсенбі213
05 ақпан 2018, Дүйсенбі213
05 ақпан 2018, Дүйсенбі213
05 ақпан 2018, Дүйсенбі213
05 ақпан 2018, Дүйсенбі213
05 ақпан 2018, Дүйсенбі213
05 ақпан 2018, Дүйсенбі213
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62