Бүгін: 16 қазан 2018 жыл, (15:12)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

12 ақпан 2018, Дүйсенбі394

Қазіргі таңда еліміздегі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ел экономикасына бейресми жұмыспен қамтылған халықты қалыптастыру және тарту мақсатында 2018-2020 жылдарға арналған «Жол картасын» әзірлегені көпке мәлім. Міне, осы бағытта бүгінде медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық аясында азаматтардың мәртебесін анықтау бойынша және өз бетінше еңбек ететіндерді рәсімдеу бағытында жүйелі жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасары  Қ. Ысқақовтың бекіткен «Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру туралы» түсіндірме жұмыстарын жасау жөнінде арнайы жұмысшы тобы кеше ауданымызда болды. Аудандық мәдениет үйінде өткен семинарға аудан әкімінің орынбасары Р. Өтешов төрағалық етіп, жұмыс сапарымен келген арнайы топтың мүшелерін жиналғандарға таныстырды. 
Семинарда алдымен Қызылорда облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының бас сарапшысы А. Рахимов сөз алып, қазіргі таңда халық арасында әлі де түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қажет ететін міндетті әлеуметтік медицианлық сақтандыру жүйесі туралы жан-жақтымәлімет берді. Бұл жұмыстар осы жылдың еншісінде толыққанды қолданысқа енуі керектігін тілге тиек етті. 
Мұнан соң, Қызылода облысы еңбек саласындағы бақылау басқармасының бөлім басшысы С. Альшоразова еңбек шартын жасау жөніндегі мәліметтерді айтып, әрбір жұмысшыны толғандырған сұрақтар жөнінде кең көлемде мағұлмат берілетіндігін атап өтті. Семинарда көтерілген бұл мәселелерге байланысты топ жетекшісі, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басышысының орынбасары Г. Қалмақова жан-жақты ақпарат беріп, семинарға қатысушылар тарапынан түскен сұрақтарға тиісінше жауап берді. Және де әрбір ауылдық округтер мен қала, кенттерде әкімдік тарапынан бұл жұмыстар әлі де жүйелі жүргізілуі керектігін алға тартты. 
А. Бисенов.

Ұқсас жаңалықтар

12 ақпан 2018, Дүйсенбі394
12 ақпан 2018, Дүйсенбі394
12 ақпан 2018, Дүйсенбі394
12 ақпан 2018, Дүйсенбі394
12 ақпан 2018, Дүйсенбі394
12 ақпан 2018, Дүйсенбі394
12 ақпан 2018, Дүйсенбі394
12 ақпан 2018, Дүйсенбі394
12 ақпан 2018, Дүйсенбі394
12 ақпан 2018, Дүйсенбі394
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62