Бүгін: 18 маусым 2018 жыл, (17:18)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

ҒАСЫР ЖАСАҒАН АНА ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

05 наурыз 2018, Дүйсенбі209

Биыл аудан басшысы жылдағы дәстүрмен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі салтанатын жүз жасаған аналарға перзенттік құрмет көрсетуден бастады. Осы орайда, бүгін Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев ауданға қарасты Сазда елді мекенінің тұрғыны Таңымбетова Жонай әженің шаңырағына арнайы барып, әз ананың хал-жағдайын сұрап, жүз сегіз жасқа қараған кейуананы мерекесімен құттықтап қайтты. “Ұлық болсаң кішік бол”, деген осы. Ғасыр жасаған кейуана да алдына келіп, амандығын білген азаматтарға алғысын айтып, ақ батасын берді.

Ғасыр иесі Жонай әже бейнетпен өткен ғұмырының зейнетіне бөленіп, ұрпақтарының алдында бақытты өмір кешіп жатқан жан. Туған жерінде еңбек етіп, ауылдың өркендеуіне өз үлесін қосқан аяулы ана, ардақты әже атанған Жонай Таңымбетова бүгінде сегіз баласынан өрген 57 немереден 40 шөбере, 7 шөпшек сүйіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

05 наурыз 2018, Дүйсенбі209
05 наурыз 2018, Дүйсенбі209
05 наурыз 2018, Дүйсенбі209
05 наурыз 2018, Дүйсенбі209
05 наурыз 2018, Дүйсенбі209
05 наурыз 2018, Дүйсенбі209
05 наурыз 2018, Дүйсенбі209
05 наурыз 2018, Дүйсенбі209
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62