Бүгін: 12 желтоксан 2018 жыл, (17:14)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

АСҚАТ АХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

04 наурыз 2018, Жексенбі274

Бүгін ағымдағы жылдың 1-наурызында бастау алған белгілі оқушы-спортшы, жерлесіміз Асқат Ахановты еске алуға арналған волейболдан 2002-2003 жылдары туылған жасөспірім қыздар арасындағы республикалық турнир қорытындыланды. Төрт күнге жоспарланған турнирдің қорытындылау рәсіміне Арал ауданы әкімінің орынбасары Еркін Әбішев қатысты.
Биыл ауданымызда XVII-мәрте өткізілген турнирге еліміздің 5 облысынан жалпы саны 16 команда қатысып, үздік үш команда жүлделі орынды өзара бөлісті. 
Сайыс қорытындысына сәйкес Арал ауданының командасы жүлделі ІІІ-орынға табан тіресе, ІІ-орын Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының командасына бұйырды. Ал, бас жүлде І-орынды Ақтөбе облысы, Хромтау ауданының командасы жеңіп алды. Сонымен қатар, республикалық деңгейдегі жарыс аясында бірқатар қатысушы спортшылар мен жаттықтырушылар түрлі номинациялармен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

04 наурыз 2018, Жексенбі274
04 наурыз 2018, Жексенбі274
04 наурыз 2018, Жексенбі274
04 наурыз 2018, Жексенбі274
04 наурыз 2018, Жексенбі274
04 наурыз 2018, Жексенбі274
04 наурыз 2018, Жексенбі274
04 наурыз 2018, Жексенбі274
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62