Бүгін: 12 желтоксан 2018 жыл, (17:18)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУ

03 наурыз 2018, Сенбі278

Еңбек ресурсының теңсіздігін реттеу қазақыландыру саясатымен қатар жүреді. Осы орайда, күні кеше аудандық мәдениет үйінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Шараға Солтүстік Қазақстан об¬лысы бойынша Ғ.Мүсірепов ауданының жұмыспен қамту бөлім басшысының орынбасары Б.Шегебаев пен жұмыспен қамту орталығының директоры Н.Темірғалиев, Тимирязев ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры Н.Жарасбаев және Павлодар облысына қарасты Щербақты ауданы Галкино ауылдық округінің әкімі Қ.Кулумбенов және Лебяжі ауданы Шака ауылдық округінің әкімі Т.Шаурманов қатысты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешов жүргізіп отырды.
Ерікті түрде қоныстандыруға байланысты ұйымдастырылған жәрмеңкеге арнайы қамтылған аудандық жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері, ауданға қарасты қала, кент, ауылдық округ әкімдері және тұрғындарына делегация өкілдері әр түрлі мамандықтар бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды. Жалпы аталған облыстар бойынша жұмыс күші басым аймақтарға енгізілген Қызылорда облысының тұрғындарына 2000 жуық бос жұмыс орындарына сұраныстар түсіп отыр. 
Кездесу барысында ауданымызға келген делегаттар өз аудандарына қажет деген мамандар мен оларға берілетін көмектер жөніне кеңінен тоқталды. Соның ішінде, аталған аймақта көбінесе механизаторлар, технологтар, мұғалімдер (ағылшын тілі, химия, биология, физика, математика, информатика пәндері бойынша), дәрігерлер тапшылығы өткір мәселе болып тұрғаны белгілі болды. 
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – кез-келген аралдық Солтүстік Қазақстан және Павлодар облысына қоныс аудара алады. Онда мамандығына сай жұмыс орны, көңілге қонымды жалақы, тегін үй дайын. Тек ниет пен ынта болса болғаны. Мемлекет басшысының өзі өркениетті қоғамда халықтың қолайлы өңірге қоныс аударуын қалыпты үрдіс деп бағалап, құптаған болатын. 
Ендеше, мемлекеттік бағдарлама аясында ерікті түрде қоныс аударуға ниеттілер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуына болады. Сонымен қатар, төмендегі мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз:
ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРҒА 
Бағдарламаға қатысушыларға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК (84175 теңге) мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.
Көшуге материалдық көмек Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі.
Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларына он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мынадай мөлшерлерде материалдық көмек беріледі:
1) қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
1.1) бір адам үшін – 20 АЕК (48100 теңге) мөлшерінде;
1.2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 25 АЕК (60125 теңге) мөлшерінде;
1.3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 30 АЕК (72150 теңге) мөлшерінде төленеді;
2) ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
2.1) бір адам үшін – 15 АЕК (36075 теңге) мөлшерінде;
2.2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 18 АЕК (43290 теңге) мөлшерінде;
2.3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 21 АЕК (50505 теңге) мөлшерінде төленеді.

Ұқсас жаңалықтар

03 наурыз 2018, Сенбі278
03 наурыз 2018, Сенбі278
03 наурыз 2018, Сенбі278
03 наурыз 2018, Сенбі278
03 наурыз 2018, Сенбі278
03 наурыз 2018, Сенбі278
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62