Бүгін: 12 желтоксан 2018 жыл, (17:18)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

ЗАҢНАМАЛАР ЖАН-ЖАҚТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

03 наурыз 2018, Сенбі316

Үстіміздегі жылдың 30 қаңтардағы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Ысқақовпен бекітілген, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жергілікті атқарушы органдары мен бюджеттік бағдарлама әкімшілері қызметкерлерінің қытысуымен өткізілетін іс-шара жоспарына сәйкес арнайы құрылған топ мүшелері ауданда болды. Аудандық мәдениет үйінде өткен семинарға аудан әкімінің орынбасары М.Мейірбеков төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Ауылдық округ әкімі аппаратының және ауданға қарасты дербес бөлімдердің мамандары бас қосқан семинарда бухалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, мемлекеттік сатып алу заңнамаларының сақталуы туралы мәселелер сөз болды.
Семинарда алдымен Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Ғ.Қалиев сөз алып, 2015 жылдың 27 қарашасынан бастап күшіне енген «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңына сәйкес жан-жақты түсінік берді. Осы заңмен шешілетін мәселелердің бірі ретінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып тексеруші органдар арасындағы функцияларының бөлінуін қаржылық бақылаулардың қайталанудың алдын алатындығын тілге тиек етті. Мұнан соң, аталған заңдылықтарға енгізілген өзгерістер туралы, яғни, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, квазимемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есептілікті жүргізу жөнінде Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің квазимемлекеттік сектордың аудиті бөлімінің басшысы М.Олжабаев сөз сабақтады. Сондай-ақ, аталған департаменттің мелекеттік сатып алудың аудиті бөлімінің басшысы М.Өмірбаева, мемлекеттік сатып алу заңнамаларының сақталуы, мемлекеттік сатып алудың камералдық бақылауы туралы жан-жақты түсіндіріп, қатысушылар тарапынан түскен толассыз сұрақтарға заңдылығына сай жауап берді. 
Семинар соңында облыс әкімі аппаратының ішкі аудит бөлімінің басшысы Д.Даубаев сөз алып, алдағы уақыттарда аталған заңдылықтардың орындалуы жұмыс барысында қатаң қадағаланатынын жеткізіп, бұл салада бірге қызмет атқаратын мемелекеттік қызметшілерді жұмыс барысында олқылықтарға жол бермеуге шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

03 наурыз 2018, Сенбі316
03 наурыз 2018, Сенбі316
03 наурыз 2018, Сенбі316
03 наурыз 2018, Сенбі316
03 наурыз 2018, Сенбі316
03 наурыз 2018, Сенбі316
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62