Бүгін: 12 желтоксан 2018 жыл, (17:17)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

АЯУЛЫ АНАЛАР, ҚАДІРЛІ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР!

07 наурыз 2018, Сәрсенбі448

Сіздерді жер жүзін шуағына бөлеп, өмірімізге нәр берген көктем мезгілінің айтулы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Адамзат баласына әлемнің жарық нұрын сыйлап, әрбір шаңырақтың шырайын кіргізген өздеріңізге қай уақытта да қоғам құрметпен қарайды. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген Шығыс даналығы бар. Тәуелсіз еліміздің болашақ ұл-қыздарын түзу жолға тәрбиелеп, ер азаматтарға сенімді серік болып, ел дамуына білек сыбана кірісіп, қиын-қыстау замандарда жанымызға демеу бола білген нәзік жандыларымызды біз әрқашан ерекше бағалаймыз. Әрине, ақын да, ғалым да, батыр да, алып та анадан туылады. Сол аналарымыз жайлы Елбасы «Әйел – өмір тірегі ғана емес, әйел – өмірдің өзі» деп лайықты бағасын берді. Шындығында да, қазіргі қазақ әйелі қоғамның негізгі бір тірегіне айналды. Яғни, тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеген қай саласын болмасын, әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Ел әлеуетін еселеп, тұрақтылықпен бірліктің негізін қалыптастыруда қыз-келіншектеріміздің орны қашанда бөлек екенін біз жақсы білеміз.
Қымбатты аналар, ардақты асыл жандар!
Күлімдеп жеткен көктемнің қуанышты мерекесінде аналар егемендік пен елдік барда ешқашан ескерусіз қалмайды. Себебі, адамзат баласы қандай биікке көтерілсе де, тіпті, әлемді билесе де алтын құрсақты аналарымыздың алдында қарыздар. Сондықтан, көңілдерге қуаныш ұялатып, жаңару мен түлеудің жарқын сәтімен тұспа-тұс келген осы бір маңызды мереке қарсаңында риясыз пейілден төгілер тілектер сіздердің жандарыңызды жадырата берсін демекпіз. Әрқашан, жақсы өмірдің жарасымды гүліндей жайнап, бақытты да баянды ғұмыр кешіңіздер. Өздеріңізге зор денсаулық, отбасылық бақыт, шаңырақтарыңызға шадыман шаттық тілеймін!

Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі МұхтарОразбаев.

Ұқсас жаңалықтар

07 наурыз 2018, Сәрсенбі448
07 наурыз 2018, Сәрсенбі448
07 наурыз 2018, Сәрсенбі448
07 наурыз 2018, Сәрсенбі448
07 наурыз 2018, Сәрсенбі448
07 наурыз 2018, Сәрсенбі448
07 наурыз 2018, Сәрсенбі448
07 наурыз 2018, Сәрсенбі448
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62