Бүгін: 24 мамыр 2018 жыл, (10:16)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

АРАЛДА ҚАУЫШУ ДӘСТҮРІ ЖАҢҒЫРДЫ

07 наурыз 2018, Сәрсенбі211

Бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын «көрісу, қауышу» қазақ халқының Наурыз мейрамының негізгі салтының бірі. Бүгінде, бұл ізгі дәстүріміз әсіресе, еліміздің батыс өңірінде сақталып қалған әрі халық арасында Наурыз мейрамын қарсы алу осы күннен басталады.
Осы орайда, күні кеше 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі қараңында ауданымыздың ардагер ұстаздары бас қосып, осы игі дәстүр өңірімізде қайта жаңғырды.
Нақтырақ айтқанда, ауданымыздың ардақты ардагер ұстаздары аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Парасатты әже – 2018» байқауында бас қосып, өз өнерлері мен өнегелерін ортаға салды. 
Басты мақсат – ата-бабамыздың сан ғасырдан бері ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан ой-тұжырымдамаларын, ізгі-мұраларын насихаттап, елдің саяси-мәдени, қоғамдық-әлеуметтік құндылықтарын жас ұрпақтың бойына дарытып, тәлімді тәрбие беруде, салт-дәстүр, әдет-ғұрып қағидаларын жадына сіңірткен ақ жаулықты әжелердің өнегесі мен абзал қасиеттерін әрқашан санамыздан өшірмеу. Осындай салт-дәстүрді сақтап, кейінгі ұрпаққа отбасының дастархан берекесінің, ағайын-туыстың бірлігін сақтайтын тәрбиеші, әрі ақылгөйі, тілеуқоры-әжелерді қадір тұтып, ұлықтау.
Осы орайда, ауданымызда төртінші мәрте ұйымдастырылып отырған байқауға аудан мектептерінің ардагер 11 ұстазы қатысты. Әр әже асқан дайындықпен келіп, өз өнерлерін ортаға салып, қазақы әдет-ғұрыптарымызды жандандыра түсті. Әсіресе, қол өнер сайысында өздерінің қолдарымен жасаған дүниелерін алып келіп, баршаны таңқалдырды. Сондай-ақ ән де айтты, өлең де оқыды. Өнегелі кеңестерімен де бөлісті. 
Тағлымды шара қорытындысында аудан әкімі М.Оразбаев барша аналарды мерекемен құттықтап, қатысушыларға алғысын айтты. Сонымен қатар, әділ-қазылардың шешімі бойынша әр әжеге «Шебер әже» ,«Өнерлі әже», «Үлгілі әже», «Мейірімді әже», «Ұлағатты әже», «Шырайлы әже», «Сабырлы әже», «Байсалды әже», «Шешен әже» деген номинациялар беріп, бағалы сыйлықтар табыстады. Ал байқаудың жеңімпазы Сексеуіл елді мекеніндегі №87 орта мектептің ардагер ұстазы Кеншімбаева Айнадай әжей атанды.
Марапаттау рәсімінен соң аяулы аналарға ақ дастархан жайылып, барша ұстаздар емен-жарқын пікір алысып, көктем мерекесіне орай жылы лебіздерін білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

07 наурыз 2018, Сәрсенбі211
07 наурыз 2018, Сәрсенбі211
07 наурыз 2018, Сәрсенбі211
07 наурыз 2018, Сәрсенбі211
07 наурыз 2018, Сәрсенбі211
07 наурыз 2018, Сәрсенбі211
07 наурыз 2018, Сәрсенбі211
07 наурыз 2018, Сәрсенбі211
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62