Бүгін: 12 желтоксан 2018 жыл, (17:16)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

СҰЛУЛЫҚ ПЕН ІЗГІЛІК МЕРЕКЕСІ

06 наурыз 2018, Сейсенбі476

Көңілдерге қуаныш пен шаттық сыйлай келетін көктем – аяулы аналарымыз бен әпке-қарындастар үшін ерекше мезгіл. Себебі, сұлулық пен әдеміліктің, жарасымдықтың жаршысындай – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қатар келеді. Мерекеге орай аудандық мәдениет үйінде «Ана–өмір шәрбаты, Ару–әлем сымбаты» атты салтанатты шара өтті. Ғасырдан асқан Жонай Таңымбетова батасынан бастау алған мерекелік кешке аудан әкімі М.Оразбаев қатысып, өз лебізін білдірді.
Әйелдер қауымының қуанышты сәтіне құттықтауын білдірген аудан әкімі «Халқымызда «Барлық жақсылық – күннің нұрынан, жылылық – ананың аялы алақанынан таралған» деген сөз бар. Ендеше, алтын құрсақ ананың амандығы мен баланың жарқын күлкісі – біздің басты байлығымыз. Бойымыздағы ізгілік пен құт-береке атаулы сол ананың жүрегінен бастау алады. Содан болса керек, қасиетті хадисте «Жұмақтың кілті – ананың аяғының астында» деген даналық халық арасында күні бүгінге дейін құнды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әйел - өмір тірегі ғана емес, әйел - өмірдің өзі» деп атап өтуі де, біздің қоғамдағы әйел-аналардың орнының биіктігін көрсетеді.
Қазіргі кезде қоғамның кез келген саласын әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Бүгінде өркениетті даму жолына түскен мемлекетіміздің бүкіл тыныс-тіршілігіне белсене араласып, бірлік пен тұрақтылықты сақтаудағы, ел әлеуетін еселеудегі үлестеріңіз де ерекше», -дей келе мереке иегерлеріне денсаулық пен бақ-береке, шаңырақтарына шаттық тіледі.
Салтанатты шара одан әрі аудан дамуына үлес қосып, елеулі еңбегімен көзге түскен, өз саласында үздік атанған бірқатар қыз-келіншектерді марапаттау рәсіміне ұласып, марапат иелеріне аудан әкімінің алғыс хаты мен «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облысытық филиалының алғысы табысталды. Сондай-ақ, мерекелік кеш аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасты.

Ұқсас жаңалықтар

06 наурыз 2018, Сейсенбі476
06 наурыз 2018, Сейсенбі476
06 наурыз 2018, Сейсенбі476
06 наурыз 2018, Сейсенбі476
06 наурыз 2018, Сейсенбі476
06 наурыз 2018, Сейсенбі476
06 наурыз 2018, Сейсенбі476
06 наурыз 2018, Сейсенбі476
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62