Бүгін: 17 тамыз 2018 жыл, (23:51)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

ЕЛБАСЫ БАСТАМАСЫНЫҢ – ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАСЫМ

07 наурыз 2018, Сәрсенбі242

Баршамызға белгілі біздің еліміз тәуелсіздіктің қандай бір қиын кезеңдерінің өзінде де халықтың әлеуметтік мүддесін жақсартуды күн тәртібінен түсірген емес. Оған көптеген дағдарысты кезеңдерге қарамастан біздің елімізде жыл сайын әлеуметтік жағынан аз қорғалған адамдарға көрсетілетін жәрдем, зейнетақы мен шәкіртақыны ұдайы өсіріп жатқандығы айқын дәлел. Әсіресе, бюджеттік сала қызметкерлерінің, соның ішінде мұғалімдер мен дәрігерлердің де жалақылары жыл сайын өсу үстінде болды.

Енді міне, Елбасы өзінің бес әлеуметтік бастамасында әрбір отбасына баспана алудың зор мүмкіндіктерін ұсынып отыр. Бұл өмірлік маңызы бар мәселе деуге болады. Өйткені Қазақстанда соңғы жылдары халық саны жақсы өсім алып, жыл сайын шаңырақ көтеріп жатқан жастарымыздың да қатары толығуда. Ауылдардан қалаға көшіп келіп жатқан жастар да жетерлік. Міне, осы орайда Елбасы тұрғын үй ипотекасына қол жеткізу мүмкіндіктерін арттыру үшін өте маңызды бастамасын жария етті. Әрине, бұл баршамыз үшін қуанарлық жағдай. Ендігі жерде жұмыс істейтін әр адам несиеге пәтер алып, өздерінің отбасылық бюджетінің мүмкіндіктеріне қарай төлейтін жағдай жасалып отыр. Мұны әлеуметтік саладағы үлкен жетістік деп білемін.

Енді осы әлеуметтік бастаманың тағы бір маңызды тұсы, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесі келесі жылдың 1-ші қаңтарынан бастап 10 есеге қысқаратындығы. Бұл төмен жалақы алатындар үшін үлкен қолдау әрі көмек, мемлекеттің қамқорлығы деп санауға болады.

Мұнан өзге, жастарымызды жатақханамен қамтамасыз етуге оңды өзгерістердің орын алуы, шағын несие беруді көбейту және Қазақстанның түрлі аймақтарын газбен қамтамасыз етуді одан әрі жалғастыру жөніндегі бастамасының да маңызы басым екендігі сөзсіз.

Аманжол Жолмағамбетов – білім саласының ардагері, КСРО және ҚР Білім беру ісінің озық қызметкері

Ұқсас жаңалықтар

07 наурыз 2018, Сәрсенбі242
07 наурыз 2018, Сәрсенбі242
07 наурыз 2018, Сәрсенбі242
07 наурыз 2018, Сәрсенбі242
07 наурыз 2018, Сәрсенбі242
07 наурыз 2018, Сәрсенбі242
07 наурыз 2018, Сәрсенбі242
07 наурыз 2018, Сәрсенбі242
07 наурыз 2018, Сәрсенбі242
07 наурыз 2018, Сәрсенбі242
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62