Бүгін: 18 маусым 2018 жыл, (17:19)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУДЫҢ АЙҚЫН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

14 наурыз 2018, Сәрсенбі217

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты мақаласында ерекше тоқталып өткен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Арал аудандық бөлімі «Электронды үкімет» порталын аудан тұрғындарына насихаттап, акция өткізген болатын. Осы акция өзінің жалғасын тауып, бүгін, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің  Арал аудандық бөлімі мен Арал ауданының әкімдігі бірлесе отырып «Электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың айқын артықшылықтары» атты Арал аудандық мәдениет үйінде ауқымды аудандық семинар өткізді. Семинардың басты мақсаты – «электронды үкімет» порталын аудан тұрғындарына кеңінен насихаттау.

   Семинар барысында Арал аудандық әкімнің аппарат басшысы Нұрмұхаммет Омарұлы «Электронды үкімет» порталының тиімділігі мен артықшылықтарын айтып, халық арасында кеңінен қолдану керек екендігін жеткізді. Өз кезегінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің  Арал аудандық бөлімінің басшысы  Лаура Қолқанатқызы бөліміміздің 2016 жылғы мен 2017 жылғы атқарылған жұмыс нәтижелерін салыстырмалы түрде аудан тұрғындарына таныстырып, бөлімдегі барлық  мемлекеттік қызмет түрлерін, яғни, ақылы қызмет, дербес несие есебін алу, «Казпочта» АҚ мен бірлесе отырып дайын құжаттарды үйіне жеткізу, «проактив» қызметі бойынша және электронды үкімет порталын халыққа кеңінен насихаттады. Семинар аясында бөліміміздің құжаттарды қабылдау жөніндегі маманы Ләйлә Ғалымбекқызы семинарға қатысушыларға ЛЭД экран арқылы,  онлайн түрде электронды цифрлы қолтаңбаны қалай рәсімдеу және осы электрондық цифрлық қолтаңбаны электронды үкімет порталында қалай қолдану қажет екендігін, сонымен қатар мобильді үкімет порталына тіркеле отырып, бір жолғы жасырын сөз арқылы мемлекеттік қымзет түрлерін алуға болатындығын, Үшінші тұлғаға қалай анықтама алуға болатындығын үйретіп, түсіндірме жұмысын жүргізді. Аудан тұрғындары «электронды үкімет» порталына байланысты өздерінің сұрақтарын қойып, толыққанды түрде жауаптарын алды. Сондай ақ, аудандық мәдениет үйінде «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылып, аудан тұрғындары өздеріне қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін алды және семиналрға қатысушыларға электронды үкімет порталына байланысты сауланамалар жүргізілді. Сауланамалар қортындысы бойынша оң нәтижесін көрсетті. Семинарға қатысушы азаматтар алдағы уақытта өз-өзіне электронды цифрлы қолтаңбаның көмегімен электронды үкімет порталыннан мемлекеттік қызмет түрлерін  ала алатындығын жеткізіп, ризашылықтарын білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

14 наурыз 2018, Сәрсенбі217
14 наурыз 2018, Сәрсенбі217
14 наурыз 2018, Сәрсенбі217
14 наурыз 2018, Сәрсенбі217
14 наурыз 2018, Сәрсенбі217
14 наурыз 2018, Сәрсенбі217
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62