Бүгін: 17 шілде 2018 жыл, (03:50)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

ӘРДАЙЫМ ЖАНЫҢЫЗДА!

12 сәуiр 2018, Бейсенбі154

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Арал аудандық бөлімі 2007 жылы Елбасымыздың бастамасымен «бір терезе» қағидаты бойынша ашылып, бүгінгі күні аудан тұрғындарының үлкен ризашылығын алып отырған мекемеге айналды. Бөлімде қазіргі таңда 34 қызметкер жұмыс істейді. Олардың әр қайсысы өздеріне бекітілген жұмыстарын тиянақты атқару мен қатар қоғамдық жұмыстармен, қайырымдылық іс-шараларына да ұжым болып белсене араласады. Бөлімге келген аудан тұрғындарына мемлекеттік қызмет түрлерін сапалы ұсынумен қатар, шалғай ауылда орналасқан тұрғындарға «Мобильді ХҚКО» арқылы қызмет көрсетуде, сонымен қатар, 1,2,3 топтағы мүгедек жандарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1414 байланыс орталығынан келіп түскен өтініштер арқылы тұтынушыларға үйіне барып сапалы қызмет көрсетуде.

Сонымен қатар 2017 жылдың тамыз айында Арал ауданы, Сексеуіл кенті әкімшілігінде мемлекеттік қызмет көрсету секторы ашылып, кент тұрғындары қазіргі таңда аудан орталығына келмей, уақыттарын үнемдеп, Сексеуіл кенті сеторы арқылы мемлекеттік қызмет түрлерін алып, алғыстарын білдіруде. Сектор қызметкерелері кент тұрғындарына «Электронды үкімет» порталын үнемі насиахаттауда.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты мақаласында тоқталып өткен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Арал аудандық бөлімі аудан тұрғындарына «Электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың айқын артықшылықтары» атты Аудандық мәдениет үйінде ауқымды семинар өткізді. Сонымен қатар, ауданымыздағы барлық білім ошақтарында, мекемелерде, қоғамдық орындарда «Электронды үкімет» порталын насихаттап акция өткізген болатын және аудан тұрғындарын электронды цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз етіп, мобилді үкімет порталына тіркеуде. Аудан тұрғындары алдағы уакытта, бөлімге келмей, өздерінің уақыттарын үнемдеп электронды цифрлық қолтаңбасымен және бір жолғы жасырын сөз арқылы ұялы телефондарын қолдана отырып мемлекеттік қызмет түрлерін өз бетінше алатындықтарын жеткізді.

2017 жылы Арал аудандық бөлімі үшін жемісті жыл болды. Бөлімге бекітілген 2017 жылғы негізгі тиімділік көрсеткішті жоғары деңгейде орындап, облыс деңгейінде 1-орынға ие бодды.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Арал аудандық бөлімінің басты мақсаты – бөлімге келген тапсырмаларды тиянақты орындап, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, халыққа мемлекеттік қызмет түрлерін сапалы ұсынып, ризашылықтарын алып, ықыласына бөлену, «Электронды үкімет» порталын тұрақты түрде насихаттау және үнемі алдыңғы қатарда болу.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің  баспасөз  қызметі

Ұқсас жаңалықтар

12 сәуiр 2018, Бейсенбі154
12 сәуiр 2018, Бейсенбі154
12 сәуiр 2018, Бейсенбі154
12 сәуiр 2018, Бейсенбі154
12 сәуiр 2018, Бейсенбі154
12 сәуiр 2018, Бейсенбі154
12 сәуiр 2018, Бейсенбі154
12 сәуiр 2018, Бейсенбі154
12 сәуiр 2018, Бейсенбі154
12 сәуiр 2018, Бейсенбі154
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62