Бүгін: 17 шілде 2018 жыл, (03:50)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

АРАЛДА ФУТБОЛДАН ӨТКЕН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

12 сәуiр 2018, Бейсенбі140

Бүгін Арал ауданында ағымдағы жылдың 10 сәуірінде басталған 2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасында футболдан «Былғары доп» республикалық лигасының облыстық іріктеу жарысы мәресіне жетті. Ауданымыздың белгілі азаматы, «Жанар и Ка» толық серіктестігінің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты болған Алмат Аманұлы Балшамбаевты еске алуға арналған турнир қорытындысы бойынша Арал ауданының командасы жеңімпаз атанып, Астана қаласында үстіміздегі жылдың 16-24 мамыры аралығында өтетін республикалық жарысқа жолдама алды. Ал, II-орын Қазалы ауданы, №249 мектеп-лицейінің командасына бұйырса, III-орынды Сырдария ауданы, №210 орта мектебінің командасы иеленді. 
Сонымен қатар, турнир барысында үздік ойын көрсеткен қатысушылар бірқатар номинациялармен марапатталды. Атап айтқанда, «Үздік шабуылшы» - Сұлтанбек Дияс, Жалағаш ауданы, «Үздік қақпашы» - Айтбаев Дулат, Сырдария ауданы, «Мерген шабуылшы» - Қайратбек Дияс, Қазалы ауданы, «Үздік қорғаушы» - Айдарбай Асылхан, Қазалы ауданы, «Үздік жартылай қорғаушы» - Алданов Бекарыс, Арал ауданы.

Ұқсас жаңалықтар

12 сәуiр 2018, Бейсенбі140
12 сәуiр 2018, Бейсенбі140
12 сәуiр 2018, Бейсенбі140
12 сәуiр 2018, Бейсенбі140
12 сәуiр 2018, Бейсенбі140
12 сәуiр 2018, Бейсенбі140
12 сәуiр 2018, Бейсенбі140
12 сәуiр 2018, Бейсенбі140
12 сәуiр 2018, Бейсенбі140
12 сәуiр 2018, Бейсенбі140
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62