Бүгін: 20 сәуір 2018 жыл, (03:34)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАРМЕН КЕЗДЕСУ

12 сәуiр 2018, Бейсенбі58

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының мәжіліс залында ауданымыздың жас өнертапқыштарымен кездесу болып өтті. Аталған жиынға «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Қанатов, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің запастағы майоры Жұқабаев Жақсыбай және партия филиалы қызметкерлері, жас өнертапқыштар мен олардың жетекшілері қатысты. Ең алдымен №19 орта мектептің 8 сынып оқушысы Аққасынов Мұсабек өзінің қолымен ағаштан жасаған робот макеті және жиналмалы бесігімен таныстырды. Аталған туындыларын облыстық көрмелерге апарып жүлделі орындар да алған. Одан кейін №14 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Нұртайқызы Лязиза мен 10 сынып оқушысы Әбенов Аслан өздерінің лего материалдармен құрастырған, лего домбыра, алтыбақан, және роботтарымен таныстырды. Жас өнертапқыштар өздерінің туындыларын облыстық деңгейде көрсетіп номинациялар мен жүлделі орындарға қол жеткізген. Алғаш болып сөз алған төрағаның бірінші орынбасары жастарға сәттілік тілеп, өнер жолдарында партия тарапынан көмек керек болатын болса, барынша атсалысатынын білдірді. Ал әскери ардагер Ж.Жұқабаев жас кезіндегі жоқшылық заман туралы айтып, жастарды осы жетістіктерін бағалауға, өз елінің шынайы патриоты болуға шақырып, өз батасын берді.

Ұқсас жаңалықтар

12 сәуiр 2018, Бейсенбі58
12 сәуiр 2018, Бейсенбі58
12 сәуiр 2018, Бейсенбі58
12 сәуiр 2018, Бейсенбі58
12 сәуiр 2018, Бейсенбі58
12 сәуiр 2018, Бейсенбі58
12 сәуiр 2018, Бейсенбі58
12 сәуiр 2018, Бейсенбі58
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62