Бүгін: 23 қазан 2018 жыл, (14:42)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

АРАЛДА ЕРКІН КҮРЕСТЕН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАУ АЛДЫ

13 сәуiр 2018, Жұма265

Бүгін Арал ауданында Астана қаласының 20 жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында еркін күрестен 1999-2001, 2002-2004 және 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында КСРО спорт шебері Оңдасын Нақылұлы Жанесеновты еске алуға арналған облыстық ашық турнирдің ашылу салтанаты болып өтті. Дәстүрлі облыстық ашық турнирдің салтанатты рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішев қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысты ашып берді. Одан әрі сөз тізгінін О.Жанесеновтың жанұясы атынан інісі Айбек Рысбаев алып, ұйымдастырушыларға алғысын жолдап, барша жарыс қатысушыларына ізгі лебізін білдірді.
Айта өту керек, Оңдасын Нақылұлы бала күнінен спорттың күрес түріне ерекше ден қойып, аудандағы еркін күрес түрінің негізін қалаушы бапкер Жасағанберген Қазтуғановтан тәлім алып, жасөспірімдер арасында облыстық, республикалық дәрежедегі жарыстардың жеңіс тұғырынан көріне білді.
Кейінен мектепті ойдағыдай аяқтаған ағамыз Тараз қаласындағы «Жамбыл техникалық университетіне» қабылданып, жоғарғы оқу орындары арасында өткен спартакиаданың бірнеше дүркін жеңімпазы атанып, «Спорт шебері» атағына қол жеткізді.
1984 жылы әскер қатарына шақырылып, әскерде спорт ротасында «ЦСКА» құрамасында күрестен команда намысын қорғап, әскерден елге абыроймен оралды. Одан әрі оқуын қайта жалғастырған Ондасын Жанесенов еркін күрес пен қазақша күрестен КСРО спорт шебері атанып та үлгерді. 2013 жылы кенеттен өмірден озды. 
Алайда ауданымыздың біртуар азаматын ұмытпай, өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа насихаттау бағытында аудан әкімдігінің қолдауымен жыл сайын спорттық шаралар өткізіліп келеді. Осы ретте, биыл өңірімізде V-мәрте өткізілгелі отырған облыстық ашық турнирге облысымыз бен Жезқазған қаласынан 7 команда ниет білдіріп келіп отыр. Айта кетейік, бүгінгі бастау алған жарыс ағымдағы жылдың 15 сәуірінде қорытындыланатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

13 сәуiр 2018, Жұма265
13 сәуiр 2018, Жұма265
13 сәуiр 2018, Жұма265
13 сәуiр 2018, Жұма265
13 сәуiр 2018, Жұма265
13 сәуiр 2018, Жұма265
13 сәуiр 2018, Жұма265
13 сәуiр 2018, Жұма265
13 сәуiр 2018, Жұма265
13 сәуiр 2018, Жұма265
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62