Бүгін: 19 қыркүйек 2018 жыл, (15:53)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ МҰХТАР ӘУЕСҰЛЫ ОРАЗБАЕВТЫҢ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

07 мамыр 2018, Дүйсенбі142

Ардақты ағайын!
Құрметті Отан қорғаушылар!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің – нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың – өлшемі. 
Бүгін барша қазақ елі осы ел тыныштығын, мемлекеттің, қоғамның, әрбір қазақстандықтардың қауіпсіздігін қорғап жүрген Отан қорғаушылардың мерейлі мерекесі аясында бас қосып, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысының қатысуымен өткен Жауынгерлік парадтың куәсі болды. 
Осыдан 26 жыл бұрын негізі қаланған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қазіргі таңда еліміздегі тұрақтылықтың кепіліне айналды. Содан бері еліміздің қауіпсіздігі нығайтылып, айбынды армияға айналуына жол ашылды.
Ал, дүние жүзі Қазақстанды әлемдік қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін құрметтейді. Бұл бағытта ұлттық әскер күштері еліміздің еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етуде. 
Расында, тәуелсіз еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденіп, қайсар, ержүрек батырлардың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасына айналған бұл күн – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрылықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір азамат үшін ерекше күн. 
Құрметті жерлестер! 
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген даналық сөз бар. Олай болса, бар ғұмырын Отанын қорғауға арнап, қызметін мінсіз атқарып жүрген әскери қызметкерлерге алғыс білдіреміз. 
Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды сақтауға, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Еліміздің тыныштығын сақтау жолындағы жауапты қызметтеріңіз табысты болсын! 
Бақытты ұрпақ ашық аспан астында береке-бірлікте өмір сүре берсін!

ІЗГІ НИЕТПЕН, АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ МҰХТАР ОРАЗБАЕВ

Ұқсас жаңалықтар

07 мамыр 2018, Дүйсенбі142
07 мамыр 2018, Дүйсенбі142
07 мамыр 2018, Дүйсенбі142
07 мамыр 2018, Дүйсенбі142
07 мамыр 2018, Дүйсенбі142
07 мамыр 2018, Дүйсенбі142
07 мамыр 2018, Дүйсенбі142
07 мамыр 2018, Дүйсенбі142
07 мамыр 2018, Дүйсенбі142
07 мамыр 2018, Дүйсенбі142
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62