Бүгін: 18 шілде 2018 жыл, (14:14)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

ОТАН ҚОРҒАУ – НАҒЫЗ ЕРДІҢ МІНДЕТІ

07 мамыр 2018, Дүйсенбі134

Бүгін Арал ауданында 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі кеңінен аталып өтті. Арнайы мемлекеттік мерекеге орай аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты шара Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас Қолбасшсы, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өткізілген Жауынгерлік парадты тамашалаудан бастау алды.
Жауынгерлік парад – бұл әскери парадтың жауынгерлік оқу-жаттығулар және жауынгерлік даярлық элементтерімен үйлесуі. Еліміз үшін айрықша маңызы бар Жауынгерлік парадқа қатысқан Нұрсұлтан Әбішұлы барша қазақстандықтарды 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, бұл күннің егемен еліміз үшін ерекше маңызды екенін айтты.
Иә, Отан қорғау – қасиетті ұғым. Осы ретте Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Туған ел тағдырының ең бір шешуші кезеңінде Жоғарғы Бас қолбасшының тікелей бастамасымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің негізі қаланып, еліміздің қауіпсіздігі нығайтылып, айбынды армияға айналуына жол ашылды. Осы орайда бүгін салтанатты шараға жиналған қауым Қазақстан Республикасы армиясының жауынгерлік қуаты, әскери қызметшілердің кәсіби жұмысы мен бөлімшелердің түрлі іс-қимылдағы жинақылығына республикалық телеарнаның тікелей эфирі арқылы куә болды. 
Одан әрі аудан әкімі М.Оразбаев жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, әскери қызметкерлердің бір тобына Алғыс хаттарын табыстады. Мұнан соң, аудан өнерпаздары жырдан шашу шашып, жас ұландар:
«Қастерлі алашымның, 
Қорғаймын бар асылын. 
Намысын қолдан бермес,
Қазақтың баласымын» - деп ұрандатып, барша көрермендірдің патриоттық рухын бір сілкінтіп тастады.
Еліміз бойынша ерекше тойланатын Отан қорғаушылар күні мерекесін аралдық ағайын осылайша ойдағыдай, жоғары деңгейде атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

07 мамыр 2018, Дүйсенбі134
07 мамыр 2018, Дүйсенбі134
07 мамыр 2018, Дүйсенбі134
07 мамыр 2018, Дүйсенбі134
07 мамыр 2018, Дүйсенбі134
07 мамыр 2018, Дүйсенбі134
07 мамыр 2018, Дүйсенбі134
07 мамыр 2018, Дүйсенбі134
07 мамыр 2018, Дүйсенбі134
07 мамыр 2018, Дүйсенбі134
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62