Бүгін: 18 шілде 2018 жыл, (14:23)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН!

14 мамыр 2018, Дүйсенбі120

Бүгін аудандық мәдениет үйінде аралдық жамағат таяу күндерде бастау алатын қасиетті Рамазан айын ерекше ықыласпен қарсы алу мақсатында ұйымдастырылған «Қош келдің Рамазан» атты рухани кеште бас қосты.
Арал аудандық орталық мешітінің бастамасымен әрі мешіт жамағаты мен тәрбиеленушілердің белсенділігімен өткізілген тағлымды шара шымылдығы ең алдымен қасиетті Құран аяттарын оқумен ашылды.
Рухани кеште жиналған қауымды аудан әкімінің атынан аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Жәнібек Өтегенов құттықтап, ақжарма лебізін жолдады. Одан әрі сөз кезегін ҚМДБ-ның Қызылорда облысы, Арал аудандық орталық мешітінің бас имамы Сеъзбек Рахметтегі алып, шараның маңыздылығы мен құндылығына ерекше тоқталып өтті. Сонымен қатар, қасиетті Рамазан айы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының соңғы шешіміне сәйкес ағымдағы жылдың 17 мамырынан бастау алатындығын атап өтті.
Кеш одан әрі мешіт жамағатының әзірлеген өнегеге толы, рухани қойылымдары мен көріністеріне ұласты. Мұнан өзге, мешіт шәкірттері де өз өнерлерін ортаға салып, жарапазан жыры мен имандылыққа үндейтін әндерді шырқады.
Ал, кештің қорытынды бөлігі «Арал аудандық орталық мешітінің» ұйымдастыруымен өткізілген түрлі байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне ұласты. Атап айтқанда, арнайы Рамазан айының құрметіне осыдан бір ай бұрын өткізілген сурет салу байқауы бойынша – Болат Сауытбаев, «Ислам және отбасы» жылына байланысты «Отбасы құндылығы: ата-ана міндеті» тақырыбындағы шығармалар байқауы бойынша – Анар Утеулиева және де «Қош келдің Рам азан!» тақырыбындағы шығармалар байқауы бойынша – Мөлдір Орынбасаровалар ҚМДБ-ның Қызылорда облысы, Арал аудандық орталық мешітінің арнайы дипломдарымен марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Осы тұста аудан ақсақалы Дулат ата да көпшілікке ақ батасын беріп, елдің амандығын тілесті.
Иә, Рамазан – адалдық пен ықылас айы. Ораза – адам баласының Жаратушысы Алла Тағаланың оған берген сансыз нығметi мен жақсылықтары үшiн жасалған шүкiршiлiгi болып табылады. Өйткенi, шын жүрегiнен иман келтiрген адам оразасын Жаратушысына арнайды. Адамның иман келтiрудегi адалдылығы - нәпсiқұмарлық пен бос әуестенушiлiк кеселiне ем болса, амалдағы адалдық - екiжүздiлiктi жояды. Осы орайда, бүгінгі өткізілген тағлымы мол, өнегесі зор кешке жиналған жамағат рухани азық алып, серпіліп қайтты.

Ұқсас жаңалықтар

14 мамыр 2018, Дүйсенбі120
14 мамыр 2018, Дүйсенбі120
14 мамыр 2018, Дүйсенбі120
14 мамыр 2018, Дүйсенбі120
14 мамыр 2018, Дүйсенбі120
14 мамыр 2018, Дүйсенбі120
14 мамыр 2018, Дүйсенбі120
14 мамыр 2018, Дүйсенбі120
14 мамыр 2018, Дүйсенбі120
14 мамыр 2018, Дүйсенбі120
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62