Бүгін: 18 шілде 2018 жыл, (14:23)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

КӨРШІЛЕС МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ АРАЛДА БОЛДЫ

14 мамыр 2018, Дүйсенбі194

Отанға деген сүйіспеншілік алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады. Осыорайда,Елбасымыз «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынғаны баршаға аян.

Осы ретте, бүгін аталған бағдарламаға үлес қосу әрі жүзеге асыру мақсатында ауданымызға көршілес Мұғалжар ауданының делегациясы арнайы келген болатын.

Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы бастаған бір топ делегация мүшелері сапар барысында  қойнауына құт қонған қасиетті Арал топырағына ат басын бұрып, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында теңіз төскейіндегі өлкеміздің тарихына терең бойлап,  қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өңірімізбен етене танысып қайтты.

Нақтырақ айтқанда, қонақтар ең алдымен Аралдың ақ алтынын өндіріп отырған «Аралтұз» АҚ-на бет алып, ас тұзын өндірудің заманауи жұмыс барысымен танысты. Одан әрі, аудан аумағынан өтіп жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойындағы «В» санатты «Айжұлдыз» сервистік қызмет көрсету кешенімен және «Ер-Ай» сауда орталығының тыныс-тіршілігімен танысты.

Әрине, теңізді аймаққа жол тартқан делегация Арал қаласындағы «Арал балық өңдеу» зауытының жұмысына да куә болып, балық шаруашылығының тарихына ерекше ден қойып, балықшылар музейіне де арнайы бас сұқты. Сонымен қатар, аудандағы №19 балалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінің жұмысымен, №3 өрт сөндіру бөлімінің жаңа типтік жобада салынған ғимаратымен де танысты.

Сондай-ақ, өңіріміздің төл перзенті, Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұрпейісовтың «Әдебиет үйімен» және жаңадан бой көтерген рәміздер алаңымен танысқан олар ерекше таңданыстарын жасыра алмады. Осылайша, қасіреті мен қасиеті қатар өрбіген Арал өңірінің алты алашқа пана болған тұғырлы қоныс, киелі топырағынан талай мәдениет пен әдебиеттің алтын жауһарлары, көсем де шешен сөздің иелері, жыршылар мен термешілерін түлеткен құтты мекен екендігіне тағы бір көз жеткізгендей әсерде болды. Мұғалжарлықтар кешқұрым орталық алаңда облыстық Сыр өнерпаздарының арнайы концертінің куәсі болып, бір серпіліп қайтты.

Ұқсас жаңалықтар

14 мамыр 2018, Дүйсенбі194
14 мамыр 2018, Дүйсенбі194
14 мамыр 2018, Дүйсенбі194
14 мамыр 2018, Дүйсенбі194
14 мамыр 2018, Дүйсенбі194
14 мамыр 2018, Дүйсенбі194
14 мамыр 2018, Дүйсенбі194
14 мамыр 2018, Дүйсенбі194
14 мамыр 2018, Дүйсенбі194
14 мамыр 2018, Дүйсенбі194
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62