Бүгін: 19 қыркүйек 2018 жыл, (17:47)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

АРАЛДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГТІК ТОПТЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

16 мамыр 2018, Сәрсенбі179

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының мәжіліс залында  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудандық мониторингтік топтың алғашқы отырысы өтті.

Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудандық мониторингтік топтың мүшелері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Арнайы отырысты «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудандық мониторингтік топтың төрағасы  Т.Қанатов ашып, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес, 2018 жылдың наурыз айында ҚР-ның 2015-2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырылуы бойынша сыртқы талдау және бағалау жөніндегі  арнайы мониторингтік топ құрылғандығын және арнайы мониторингтік топтың құрамына үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, мәслихат депутаттары, БАҚ-ның өкілдері енгізілгендігін жеткізді.

Осы орайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі Нұғыман Жакудаев сөз алып, аудан әкімдігінің жанынан құрылған Арал аудандық арнайы мониторингтік топ мүшелеріне «арнайы мониторингтік топтың» мақсаты мен міндеттерін баяндап, нақты мысалдарды келтіре отырып, түсіндірме беріп өтті. Сондай-ақ, бұл бағыттағы жұмыстар Қызылорда қаласында қарқынды жүзеге асырыла бастағанын тілге тиек етті.

Еркін форматта өткен басқосуда арнайы мониторингтік топтың мүшелері Н.Оспанов пен А.Жолановтар өз пікірлерін ортаға салып, алдағы уақытта қолға алуды қажет ететін мәселелер жайында ойларын ортаға салды.

Ұқсас жаңалықтар

16 мамыр 2018, Сәрсенбі179
16 мамыр 2018, Сәрсенбі179
16 мамыр 2018, Сәрсенбі179
16 мамыр 2018, Сәрсенбі179
16 мамыр 2018, Сәрсенбі179
16 мамыр 2018, Сәрсенбі179
16 мамыр 2018, Сәрсенбі179
16 мамыр 2018, Сәрсенбі179
16 мамыр 2018, Сәрсенбі179
16 мамыр 2018, Сәрсенбі179
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62