Бүгін: 16 қазан 2018 жыл, (15:12)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

ДЕПАРТАМЕНТ ӨКІЛДЕРІ АУДАН АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

17 мамыр 2018, Бейсенбі225

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауынан туындайтын міндеттерді айқындау мақсатында аудан активімен кездесу өткізілді. Осы орайда, ҚР мемлекеттік қызметі туралы заңнама талаптарын, осы саладағы өзгерістер мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша кеңінен түсіндірме беру үшін ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Е.Сарымбетов, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қ.Әбілдаев, сыбайлес жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Н.Жакудаев, мемлекеттік қызметтер басқармасының бас мамандары М.Байқуатова және А.Искаковалар Арал ауданына жұмыс сапарымен келді.

Арнайы аудан активімен бас қосқан жиынды жүргізіп отырған аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Бохаев  ең алдымен ҚР-ның мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлі және Заңның үстемдігі мен жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала беретіндігіне ерекше тоқталып, бұл бағыттағы жүзеге асырылып жатқан шараларды атап өтті. Мұнан соң, ауданға жұмыс бабында келген ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдері сөз алып, жиын барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптары, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау және әдеп нормалары, сыбайлас жемқорлық профилактикасының жай-күйі туралы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөнінде арнайы хабарламалар жасап,  кеңінен талдап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

17 мамыр 2018, Бейсенбі225
17 мамыр 2018, Бейсенбі225
17 мамыр 2018, Бейсенбі225
17 мамыр 2018, Бейсенбі225
17 мамыр 2018, Бейсенбі225
17 мамыр 2018, Бейсенбі225
17 мамыр 2018, Бейсенбі225
17 мамыр 2018, Бейсенбі225
17 мамыр 2018, Бейсенбі225
17 мамыр 2018, Бейсенбі225
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62