Бүгін: 18 маусым 2018 жыл, (17:10)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

АРАЛДА ЖАҢА РӘМІЗДЕР АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

04 маусым 2018, Дүйсенбі228

Бүгінгі мерейлі мерекеде аралдықтар Тәуелсіздігіміздің басты нышаны саналатын  Рәміздер алаңының ашылу салтанатына куә болды. Жалпы құны 174,670 млн теңгені құрайтын жоба арнайы 4 маусым – ҚР-ның Мемлекеттік рәміздер күні аясында пайдалануға берілді.

Жалпы аумағы  8 000 м2 құрайтын «Рәміздер алаңында» Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимні және биіктігі 20 метрлік қасиетті Мемлекеттік Ту орналастырылған. Жаңа нысанда көпшіліктің демалысы үшін бар жағдай жасалған. 

Жаңа «Рәміздер алаңының» ашылу салтанатына аудан әкімі М.Оразбаев, Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н.Байқадамов және бірқатар қадірлі қонақтар арнайы қатысып, Мемлекеттік рәміздерді ұлықтау шарасына куә болды.

Салтанатты шарада сөз алған Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н.Байқадамов «Өткен жылы Арал қаласынан «Рәміздер алаңын» салу және абаттандыруға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілген болса, бүгінде өз мәресіне жетті. Мұнда, өздеріңіз байқап тұрғандай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері көрініс тапқан. Атап өту керек, биіктігі 20 метр болатын көк байрақ арнайы Астана қаласының 20 жылдығына арналып отыр. Осы орайда, Тәуелсіздік пен мемлекет символына айналған рәміздер алаңының Елбасының тікелей назарында тұрған Арал ауданынан бой тіктеуі - рухани жаңғырудың жарқын қадамы деуге болады» деп, аудан жұртшылығына құттықтау лебізін жеткізді.

Одан әрі  Рәміздер алаңындағы көк байрағымыз көкке көтеріліп, ел Әнұраны орындалды. Мұнан соң аудан өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаларын көпшілік назарына ұсынып, тұрғындар қуанышын еселей түсті.

Шараға келген тұрғындар мен қала қонақтары рәміздердің көркіне ерекше ықыластарын білдіріп, әсем орнатылғандығына ризашылықтарын жеткізді.  Әрі жастардың патриоттық тұрғыда тәрбиеленіп, отан­сүйгіштік қасиетті бойларына сіңіруіне негіз болар дүние жасалғандығына, бой сергітіп, демалар орындар қатары көбейгендігіне қуанды.

Ұқсас жаңалықтар

04 маусым 2018, Дүйсенбі228
04 маусым 2018, Дүйсенбі228
04 маусым 2018, Дүйсенбі228
04 маусым 2018, Дүйсенбі228
04 маусым 2018, Дүйсенбі228
04 маусым 2018, Дүйсенбі228
04 маусым 2018, Дүйсенбі228
04 маусым 2018, Дүйсенбі228
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62