Бүгін: 18 желтоксан 2018 жыл, (20:15)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

АРАЛДА ДЕНСАУЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

06 маусым 2018, Сәрсенбі268

    Арал қаласындағы «Тәуелсіздік алаңында» аудандық жастар денсаулығы құрылымдық және жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру және қан айналым жүйесі ауруларын алдын алу, болдырмау мақсатында «Қызыл түске киін» ұранымен акция өтті.

    Акцияға аудандық медицина қызметкерлері, қала тұрғындары мен жастар қатысты. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек жыл сайын әлем бойынша 17,5 миллион адам жүрек-қан тамырлары ауруларынан көз жұматындығы туралы ресми дерек бар. Сол  себепті де акция аудан тұрғындарының назарын өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылатын жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға, уақытылы дәрігерлік тексерулерден өтуге, денсаулықты нығайтуға мән беруге шақыру мақсатында ұйымдастырылды.

    Акция барысында жиналған қауым өздерінің қан қысымын, бой-салмақтарын өлшетіп, денсаулықтарына байланысты дәрігерлердің ақыл-кеңестеріне жүгінді. Акция соңы біркелкі қызыл түске киінген жастардың флешмоб биіне ұласты.

Ұқсас жаңалықтар

06 маусым 2018, Сәрсенбі268
06 маусым 2018, Сәрсенбі268
06 маусым 2018, Сәрсенбі268
06 маусым 2018, Сәрсенбі268
06 маусым 2018, Сәрсенбі268
06 маусым 2018, Сәрсенбі268
06 маусым 2018, Сәрсенбі268
06 маусым 2018, Сәрсенбі268
06 маусым 2018, Сәрсенбі268
06 маусым 2018, Сәрсенбі268
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62