Бүгін: 18 маусым 2018 жыл, (17:04)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

СЕКСЕУІЛ КЕНТІНДЕ ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

08 маусым 2018, Жұма122

Бүгін Арал ауданына қарасыты Сексеуіл кентінен жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Жаңа кешеннің ашылу салтанатына аймақ басшысы Қ.Көшербаев арнайы қатысып:

- Елбасымыз жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында ұлт денсаулығына жете мән беріп, көпшілікті дене шынықтыру мен спортқа шақыру арқылы ел халқының 30 пайызын спортқа жұмылдыру межесін қойған болатын. Бұл нысан - облыс бюджеті есебінен салынған аудандағы тұңғыш спорт кешені. Дәл осындай нысандар алдағы уақытта облыс бойынша барлық тіректі елді мекендерде, соның ішінде, ауданға қарасты Жақсықылыш кенті, Шижаға елді мекенінде, Арал қаласында салынады деп жоспарлануда» - деп, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жүйелі жалғасын табатындығын жеткізді.

Облыстық бюджет есебінен салынған аудандағы тұңғыш спорт кешені спорттық оқу-жаттығу жарыстарын өткізуге, спортшыларды спорттық ойын және зияткерлік түрлеріне дайындауға, сауықтыруға және жалпы дене шынықтыруға арналған.

Ғимараттың құрылысы өткен жылдың сәуір айында басталып, бүгін пайдалануға беріліп отыр. Жобасын «Проект Сервис» ЖШС дайындап, мердігер ұйым «Асанас-Дар» ЖШС болғанын да атап өту керек.

Бір мезгілде 60 спортшыны қабылдауға мүмкіндігі бар кешенде келешек еркін күрес, грек-рим күресі, қазақ күресі, бокс, және волейбол, баскетбол сынды спорт түрлерінің үйірмелері тұрақты жұмыс жасайтын болады.

Сондай-ақ, облыс әкімі жергілікті кәсіпкер Мейрамбек Таласовтың қаражаты есебінен салынған жана «Қарақат» сауда ойын-сауық орталығының жұмысымен танысты. Ағымдағы жылдың мамыр айында ашылған сауда кешенінде: дүкен, дәмхана, балалар ойын-сауық орталығы мен киім-кешек сататын бутиктер бар.

Ұқсас жаңалықтар

08 маусым 2018, Жұма122
08 маусым 2018, Жұма122
08 маусым 2018, Жұма122
08 маусым 2018, Жұма122
08 маусым 2018, Жұма122
08 маусым 2018, Жұма122
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62