Бүгін: 18 желтоксан 2018 жыл, (20:15)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

ШИЖАҒА ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ СУМЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛЕРІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

08 маусым 2018, Жұма298

   Бүгін Арал ауданына арнайы іс сапарымен келген облыс әкімі Қ.Көшербаев спорт кешенінің ашылу салтанатынан кейін Октябрь ауылдық округіне қарасты Шижаға елі мекенінде болып, қайта жаңғыртылған сумен қамту жүйелерін іске қосу рәсіміне қатысты.

   Су – тіршілік көзі дейтін болсақ, халық денсаулығының мықты болуы ең алдымен таза ауыз судың сапасына байланысты. Осы тұста, Арал ауданында мемлекеттік қазынадан қаражат бөлініп, жұртшылық үшін аса маңызды болып отырған ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оңтайлы шешімін тауып келеді. Күрмеуі қиын мәселе бүгінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында шешім тауып, жүзеге асып жатыр. Бұл бағытта Арал ауданында айтарлықтай істер атқарылуда.

   Осы орайда, өткен жылы аудандағы 7 елді мекенде ауыз сумен қамту жүйелерін жүргізу қолға алынып, қарқынды жұмыстар жүргізілді.

   Бүгін мінекей осы ілкімді істердің нәтижесіне қол жеткізіліп, жергілікті тұрғындардың игілігіне берілді.  Нақтырақ айта кетсек, мердігер мекеме МФК «Туран» ЖШС өзіне жүктелген міндетті абыройлы атқарып,елді мекенінің сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту  және кеңейту  жұмыстарын толық аяқтады. Жұмыс барысында жалпы елді мекен бойынша барлығы 43,5 шақырым магистральді желі жүргізіліп, су сорғы станциясы күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, елді мекен бойынша, 409 дана су есептегіш құрылғысы және 212 көру құдықтары орнатылған. Су мұнарасының көлемі 50 м3.

   Айта кету керек, Қызылорда облысында республика бойынша ең жоғары таза ауыз сумен қамту көрсеткіші – 97 пайыз, алдағы жылдары елді мекендерді сумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жеткізілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

08 маусым 2018, Жұма298
08 маусым 2018, Жұма298
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62