Бүгін: 18 маусым 2018 жыл, (17:02)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

АРАЛДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

11 маусым 2018, Дүйсенбі91

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті мәжілісі өтті.

Аудан әкімі М.Оразбаевтың төрағалығымен өткен отырыста кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша атқарылған шаралар турасы сөз болды.

Аталған мәселеге орай ең алдымен аудандық жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Б.Аймырзаев хабарлама жасап, құқықтық статистикалық деректерге сәйкес 2018 жылдың  5 айының салыстырмалы қорытындысымен аудан аумағында қылмыстылық деңгейі біршама азайғандыҒЫ, алайда жыл басынан бері кәмелет жасқа толмаған  жасөспірімдермен 3 ұрлық қылмысы орын алғандығын жеткізді.

Осы тұста, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе екендігін айтқан аудан басшысы  барлық білім беру ұйымдарының басшылары мұндай келеңсіз фактілерді алдағы уақытта болдырмау, алдын алу бағытында тиісті шаралар атқаруын, қайталануына жол бермеуін қатаң ескертті.

Одан әрі күн тәртібіндегі мәселеге орай аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова да қосымша хабарлама жасап өтті. Мұнан әрі жиын барысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтар кеңінен талқыланып, жалпы осы мәселе құқық қорғау жүйесінің ғана емес, отбасының, барша мемлекеттік ұйымдардың үнемі қадағалауын ерекше қажет ететіндігін байқатты. Осы орайда, аудан басшысы  аудандық ішкі істер бөлімі мен жергілікті полиция қызметіне,  қала, кент әкімдеріне, аудандық білім бөлімі және аудандық орталық ауруханасына, ауданының ішкі саясат бөліміне жасөспірімдер арасында жүйелі жұмыстарды жүргізу бағытында нақты әрі тиімді тапсырмалар жүктеп, нәтижесі үнемі бақылауда болатындығын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

11 маусым 2018, Дүйсенбі91
11 маусым 2018, Дүйсенбі91
11 маусым 2018, Дүйсенбі91
11 маусым 2018, Дүйсенбі91
11 маусым 2018, Дүйсенбі91
11 маусым 2018, Дүйсенбі91
11 маусым 2018, Дүйсенбі91
11 маусым 2018, Дүйсенбі91
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62