Бүгін: 19 қараша 2018 жыл, (03:47)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

ҚҰРМЕТТІ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

28 маусым 2018, Бейсенбі188

Сіздерді ҚР Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазіргі таңда қазақ журналистикасының өзіндік мектебі қалыптасып, бұқаралық ақпарат құралдары уақытпен үндесіп, даму көшінің бел ортасында келеді. Баспасөз – билік пен халықтың дәнекері! Аймақта осы байланысты тереңдететін байыпты, байсалды шығармашылық ұжымдардың еңбегі қашан да бағалауға лайық. Журналистика жүгін қайыспай көтеріп, міндетіне барынша адалдық танытып жүрген әріптестерге тек сәттілік тілеймін.

Сіздердің иілмес иықтарыңызға, бүгілмес белдеріңізге зор жауапкершілік жүктелген. Себебі, қазіргі жаһандану заманында байланыс пен ақпараттың алар орны ерекше. Мұндай сәтте Сiздер тұрғындарымызды жедел ақпаратпен қамтамасыз етіп, жаңалықтың жаршысына айналып отырсыздар.

Қадірлі қалам ұстаған қауым! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Атқарған еңбек пен төккен тер – Тәуелсіздікті тұғырлы етуге жұмсала берсін. Қалам құдіреті шығармашылықтың шыңына жетелеп, абырой-беделдің биігінде асқақтаңыздар. Мереке құтты болсын!

 

Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі М.Оразбаев

Ұқсас жаңалықтар

28 маусым 2018, Бейсенбі188
28 маусым 2018, Бейсенбі188
28 маусым 2018, Бейсенбі188
28 маусым 2018, Бейсенбі188
28 маусым 2018, Бейсенбі188
28 маусым 2018, Бейсенбі188
28 маусым 2018, Бейсенбі188
28 маусым 2018, Бейсенбі188
28 маусым 2018, Бейсенбі188
28 маусым 2018, Бейсенбі188
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62