Бүгін: 21 шілде 2018 жыл, (08:05)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

ТЕҢІЗДЕ ТУҒАН ТАЛАНТ

03 шiлде 2018, Сейсенбі147

     Бүгін аудандық «Абай» атындағы орталықтандырылған кітапханасында Сыр өңірінің тумасы, компазитор, күйші, ақын, жырау Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Сыдықовтың «Дара жол» атты кездесу кеші өтті.  Кездесудің мақсаты – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «туған жер» бағдарламасы аясында «Жырлайды Арал перзенті», «Жыр мәйегі – мақам» ғылыми құнды еңбектерін насихаттап оқырман назарына ұсыну.

     Шараға аудан әкімі М.Оразбаев, мәдениет және журналистика саласының  ардагерлері – Ж.Төребеков, Ж.Жақып, Ж.Кемал, Ә.Әуезов және жары, өнердегі бапкері Базар Қостайқызы қатысып, естелік әңгімелерімен бөлісті.

     Кездесуде аудан басшысы Елбасы жолдауындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосып, жастарға үлгі – өнеге болып жүрген талант иесіне шығармашылық шабыт тілеп, жүрекжарды лебізін білдірді. Сонымен бірге өнер жанашырына сыйлықтарын табыс етті.

     Кеш барысында Мұрат ағаның шығармашылығынан әндері мен күйлері орындалып көрермен назарына ұсынылды.

Ұқсас жаңалықтар

03 шiлде 2018, Сейсенбі147
03 шiлде 2018, Сейсенбі147
03 шiлде 2018, Сейсенбі147
03 шiлде 2018, Сейсенбі147
03 шiлде 2018, Сейсенбі147
03 шiлде 2018, Сейсенбі147
03 шiлде 2018, Сейсенбі147
03 шiлде 2018, Сейсенбі147
03 шiлде 2018, Сейсенбі147
03 шiлде 2018, Сейсенбі147
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62