Бүгін: 19 қараша 2018 жыл, (03:49)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

ЖАСТАР ӨЛКЕ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

06 шiлде 2018, Жұма233

Арал аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Ізденіс жолы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Елбасы, Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында аудан жастарын ауданның тарихи жерлерімен таныстыру мақсатында «Менің жерім» атты тарихи ескерткіштерге экскурсия жұмыстары жүргізілді. 
Аудандағы тарихи ескерткіштеріне саяхат жасаудағы басты мақсат - жастардың танымдық көз қарасын, ой өрісін, дүние танымын кеңейту, өлкеміздің рухани тарихы мен табиғатын тану, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімді ояту болып табылады.
«Менің жерім» атты өлкетану экскурсиясына барлығы 35 студент жас пен жас мамандар қатысты. Жастар бірінші кезекте, Ақирек ауылдық округі маңындағы «Арыстан Баб» кесенесіне, содан соң Аманөткел ауылдық округіндегі «Бекетай» кесенесі мен «Бәсібек» сағанатамымен танысып, экскурсияны жүргізуші көптеген тарихи оқиғаларды, тарихи орындар жайында халық арасында тараған аңыздар туралы көптеген қызықты танымдық фактілермен бөлісті.

Арал қаласы, Г.Ишкенов N19

Ұқсас жаңалықтар

06 шiлде 2018, Жұма233
06 шiлде 2018, Жұма233
06 шiлде 2018, Жұма233
06 шiлде 2018, Жұма233
06 шiлде 2018, Жұма233
06 шiлде 2018, Жұма233
06 шiлде 2018, Жұма233
06 шiлде 2018, Жұма233
06 шiлде 2018, Жұма233
06 шiлде 2018, Жұма233
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62