Бүгін: 19 қыркүйек 2018 жыл, (17:48)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

КӨШЕ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА ҚОЛ КҮРЕСІ МЕН БАТПАН КӨТЕРУ САЙЫСЫ

06 шiлде 2018, Жұма182

Арал аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Ізденіс жолы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен көше жастары арасында спортты, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында көше спортын дамыту мақсатында қаладағы «Спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алаңқайында қол күресі мен батпан көтеру түрлерінен сайыс өткізілді. 
Аталмыш сайыс түрлері бойынша барлығы 30-ға жуық жас тіркеліп, бағын сынады. Сайыстарға «Спорт клубы» КММ-нен Қ.Разақов пен Б.Джубаниязовтар төрелік етті. 
Көше жастары арасында өткізілген сайыстар нәтижесінде:
Батпан көтеру сайысы бойынша: І орынды - Р.Қайрат, ІІ орынды - М.Тілеужанов және ІІІ орынды – М.Махамбетовтер иеленсе, қол күресі бойынша: І орынды – М.Әбдраулов, ІІ орынды – Б.Байжанов және ІІІ орынды – М.Махамбет иеленіп, ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

06 шiлде 2018, Жұма182
06 шiлде 2018, Жұма182
06 шiлде 2018, Жұма182
06 шiлде 2018, Жұма182
06 шiлде 2018, Жұма182
06 шiлде 2018, Жұма182
06 шiлде 2018, Жұма182
06 шiлде 2018, Жұма182
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62