Бүгін: 19 қыркүйек 2018 жыл, (17:47)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

СЫР ТУРИЗМІНІҢ ШЫРАЙЛЫ ШАҺАРЫ - ҚАМБАШ

11 шiлде 2018, Сәрсенбі215

         Сыр елінде туризм саласының қарқынды дамып келе жатқаны көңіл қуантарлық жайт. Әсіресе, жылдан-жылға келушілер саны артып, әлем қызығар деңгейге жетіп отырған «Қамбаш» туристік аймағын баса айта кеткен жөн. Қызылорда облысының туризм индустриясын дамытуға арналған жобалармен танысу мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Арал өңірі Қамыстыбас елді-мекеніне іс-сапармен келген болатын. Сапар барысында «Қамбаш» туристік аймағының  алдағы жоспарларымен кеңінен танысып, бірқатар жобалардың жұмыс барысын талқыға салды.

         Туризмді дамытуға бар жағдай жасалып отырған Қамбаш көлі қазіргі таңда жол, ауыз су, электр энергиясы инфрақұрылым жүйелерімен толық жабдықталған.

         Сонымен қатар жер көлемі 494 гектарды қамтитын демалыс аймағында абаттандыру жұмыстары да жүргізілді. Жаяу жүргіншілер жолы төселіп, автотұраққа 3000 шаршы метр қиыршық тас төгілген.

         Мұнда демалыс аумағы ұлғайып, 27 кәсіпкер тынығушылар үшін сапалы қызмет көрсетуде. 100 ден аса кафелер мен жатын үйлер жұмыс жасап, 108 адамды жұмыспен қамтып отыр.

         Тағы бір қуантарлығы Қамбаш көліне облыс аумағымен қатар көршілес Ресей елінен де туристер келуде. Биылғы жылдың өзінде қазіргі уақытқа дейін 60 мыңға жуық демалушылар келген.

         Сондай-ақ, заманауи тынығу орталығында болған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин республика бойынша туризмді дамыту картасына еніп отырған «Байқоңыр» ғарыш кешені мен Жаңақорған шипажайының да жобаларымен танысып өтті.

         Кездесу барысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Байқоңыр» кешенінде Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар ұсыныстар енгізді.

         Арал қаласының көркіне айналған «Қамбаш» туристік аймағында келешекте түрлі кәсіпкерлік нысандар салынып, демалыс орны экотуризмге айналмақ.  

Ұқсас жаңалықтар

11 шiлде 2018, Сәрсенбі215
11 шiлде 2018, Сәрсенбі215
11 шiлде 2018, Сәрсенбі215
11 шiлде 2018, Сәрсенбі215
11 шiлде 2018, Сәрсенбі215
11 шiлде 2018, Сәрсенбі215
11 шiлде 2018, Сәрсенбі215
11 шiлде 2018, Сәрсенбі215
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62