Бүгін: 17 тамыз 2018 жыл, (23:50)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

АРАЛ ӨҢІРІ БАЛЫҚШЫЛАРЫНЫҢ IV-СЛЕТІ ӨТУДЕ

12 шiлде 2018, Бейсенбі135

Арал аймағы қасиетті теңізімен, берекелі балығымен қашанда ел назарында. Жылдан-жылға ата кәсібіміз берекелі балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді.

Араға ұзақ уақыт салып қайта жанданған «Арал өңірі балықшыларының слеті» 2015 жылдан бастап кең көлемде атап өтіліп келеді.

Екі күнге созылатын бұл мереке биылғы жылы төртінші рет жалғасын тауып отыр.

«Арал өңірі балықшыларының IV-слетінің» алғашқы күнінде еліміздегі облыстардан сала мамандары мен ардагерлер қонаққа келді. Аудан әкімі М.Оразбаев Арал қаласына ат басын бұрған облыс ардагерлеріне өңірімізде жақында ғана бой көтерген ҚР мемлекетік рәміздері алаңымен және басқа да көрікті жерлерімен таныстырды. Сондай-ақ, жұмысы өрге домалаған Арал балық өңдеу зауытының» жұмысына куә болып қайтты. 

Мұнан соң теңіз қойнауынан су маржанын терген аймағымыздағы балықшылар қауымына және облыс ардагерлеріне арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ақ дастархан жайылды. Салтанатты кеш барысында аудан басшысы М. Оразбаев келушілерді «Арал өңірі балықшыларының IV-слетімен» құттықтап, сала мамандары мен қонақтарға толағай табыс пен береке-бірлік тіледі.

Сонымен қатар халық игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген балық шарушылығының қызметкерлерін I, II, III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгілерімен және «Құрмет грамоталарымен» марапаттады.

Шара аясында аудан өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты.

Ұқсас жаңалықтар

12 шiлде 2018, Бейсенбі135
12 шiлде 2018, Бейсенбі135
12 шiлде 2018, Бейсенбі135
12 шiлде 2018, Бейсенбі135
12 шiлде 2018, Бейсенбі135
12 шiлде 2018, Бейсенбі135
12 шiлде 2018, Бейсенбі135
12 шiлде 2018, Бейсенбі135
12 шiлде 2018, Бейсенбі135
12 шiлде 2018, Бейсенбі135
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62