Бүгін: 23 қазан 2018 жыл, (14:42)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

ҚАМБАШ КӨЛІ ЖАҒАСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ШАРА

13 шiлде 2018, Жұма297

Айдынды Арал мекені Қамбаш көлі жағасында елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығы қарсаңында шілде айының 12-13 күндері «Арал өңірі балықшыларының IV-слеті» өтті. 2015 жылдан бастау алған шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары және қоғам қайраткерлері мен аймақтағы балық шаруашылығының ардагерлері қатысты. 
Слет аясында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жылдан-жылға жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлі жиында балықшылар қауымын мерекелерімен құттықтап, балық шаруашылығының нарықтағы сұранысы едәуір өсіп келе жатқандығын жеткізді. Ел үшін етілген еңбек елеусіз қалмасы белгілі. Осы орайда балық ісінің қарқынды дамуына өз үлестерін қосып жүрген сала мамандары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімінің медальдарымен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ түрлі номинациялар бойынша еңбек еткендерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Сонымен қатар слет барысында өңірдің балық шаруашылығының тарихына қатысты жәдігерлер мен балық өнімдерінің көрмесі өтті. 
Салтанатты мерекеде балықщылардың өмірінен сыр шертетін көріністер қойылып, еліміздің бірқатар жарық жұлдыздары ән мен жырдан тамаша тарту жасады.

Ұқсас жаңалықтар

13 шiлде 2018, Жұма297
13 шiлде 2018, Жұма297
13 шiлде 2018, Жұма297
13 шiлде 2018, Жұма297
13 шiлде 2018, Жұма297
13 шiлде 2018, Жұма297
13 шiлде 2018, Жұма297
13 шiлде 2018, Жұма297
13 шiлде 2018, Жұма297
13 шiлде 2018, Жұма297
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62