Бүгін: 23 қазан 2018 жыл, (14:46)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

КӨПШІЛІК АЛДЫНДА СӨЙЛЕУ ЖӘНЕ ОРАТОРЛЫҚ ҚАБІЛЕТ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

03 тамыз 2018, Жұма233

Бүгін «Абай» атындағы орталық кітапханада Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының және «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ақпараттық топтар қызметін әдістемелік қамтамасыз ету және ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Көпшілік алдында сөйлеу: аудиторияны меңгерудің психологиялық аспектілері және ораторлық қабілет» тақырыбында оқыту курсы өтті.

Семинар-тренингте «Көпшілік алдында сөз сөйлеудің психологиялық аспектілері» тақырыбында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің психология ғылымдарының кандидаты А. Аяғанова, «Әлеуметтік желідегі сөз шеберлігі» тақырыбында Қорқыт ата атындағы ҚМУ доценті, экономика ғылымдарның кандидаты Н. Құлмырзаев дәріс оқып, өздерінің ораторлық шеберліктерінің қыр-сырымен бөлісті.

Аталмыш семинар-тренингке мемлекеттік қызметкерлер, ақпараттық топ мүшелері және белсенді жастар қатысты.

Талқылау, сұрақ-жауап түрінде өткен жиында көпшілік алдында сөйлеудің әртүрлі ерекшеліктері, мәселелері мен шешу жолдары, қазіргі кездегі ақпараттық соғыстағы тың жаңалықтар айтылды.

Семинарға қатысушылар өз пікірлерін ашық айтып, ортаға салды. Жиын соңында аға буын өкілдері семианардан алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

03 тамыз 2018, Жұма233
03 тамыз 2018, Жұма233
03 тамыз 2018, Жұма233
03 тамыз 2018, Жұма233
03 тамыз 2018, Жұма233
03 тамыз 2018, Жұма233
03 тамыз 2018, Жұма233
03 тамыз 2018, Жұма233
03 тамыз 2018, Жұма233
03 тамыз 2018, Жұма233
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62