Бүгін: 19 қараша 2018 жыл, (03:48)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ «ҚАМБАШ» БАЛАЛАРДЫ САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

08 қыркүйек 2018, Сенбі187

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының және денсаулық сақтау, білім беру саласының мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселелері аясында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары іс-сапармен Қызылорда облысына келген болатын.

ҚР Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова бастаған депутаттар мен министрлік өкілдері «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім орталығында болып, жұмысымен танысты.

Халық қалаулылары алдымен Арал теңізінің тарихымен, макеті арқалы қазіргі жағдайымен және Қамбаш жағажайын дамыту жоспарымен танысып, балалардың жатын орындарын, сынып бөлмелерін тренажер және мәдени шаралар өткізілетін залды аралады.

Қазіргі таңда аталған орталықта 100 оқушы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық жұмыстарын жүргізуде. Оларға ауданның іріктелген үздік педагогтары білім беруде. Оқушыларға дайындық жұмыстарымен қатар түрлі сауықтыру шаралары жүргізіліп ұйымдастырылып тұрады.

Орталық балалардың демалуы мен сауықтырылуына кең асхана, тренажер залымен және бассейнмен жасақталған. Сондай-ақ, жазғы маусымда оқушылардың тынығу лагері ұйымдастырылады.

Ұқсас жаңалықтар

08 қыркүйек 2018, Сенбі187
08 қыркүйек 2018, Сенбі187
08 қыркүйек 2018, Сенбі187
08 қыркүйек 2018, Сенбі187
08 қыркүйек 2018, Сенбі187
08 қыркүйек 2018, Сенбі187
08 қыркүйек 2018, Сенбі187
08 қыркүйек 2018, Сенбі187
08 қыркүйек 2018, Сенбі187
08 қыркүйек 2018, Сенбі187
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62