Бүгін: 19 қыркүйек 2018 жыл, (17:46)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

АГЕНТТІК ӨКІЛДЕРІНІҢ ІССАПАРЫ

13 қыркүйек 2018, Бейсенбі101

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин мен Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Абзал Мұхимов жұмыс сапарымен ауданда болды.

Департамент басшылары алдымен әкімдіктің мәжіліс залында аудан активімен кездесті. Кездесу барысында сөз алған Арман Бердалин еліміздегі халық пен билік арасындағы байланысты нығайту, мемлекеттік аппараттың беделін көтеру және мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру мәселелеріне кеңірек тоқталды.

Жиынға қатысушылар қозғалған мәселелерге байланысты ой-пікірлерін білдіріп, сұрақтарына тұщымды жауаптар алды.

Содан кейін агенттік өкілдері аудандық өрт сөндіру бөлімінің ғимаратымен танысып, қызметкерлерімен кездесті.

Департамент басшыларының сапары Шижаға ауылында және Қамыстыбас елдімекеніндегі «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында жалғасты.

Елді мекендердегі жергілікті қауымдастық мүшелерінің, ауыл тұрғындарының және оқушылардың қатысуымен өткен жиында А. Бердалин әрбір азамат «Фейсбук» әлеуметтік желісі және «Телеграмм» мессенджері арқылы тікелей Агенттік төрағасы А.Шпекбаевқа сұрақ қойып, өтініш қалдыра алатындығын жеткізді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында елімізде атқарылып жатқан жұмыстар туралы пікірлесті.

Жиын соңында ауыл ақсақалдары мен жас буын өкілдері агенттік өкілдеріне ризашылықтарын жеткізіп, ізгі ниеттерін білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

13 қыркүйек 2018, Бейсенбі101
13 қыркүйек 2018, Бейсенбі101
13 қыркүйек 2018, Бейсенбі101
13 қыркүйек 2018, Бейсенбі101
13 қыркүйек 2018, Бейсенбі101
13 қыркүйек 2018, Бейсенбі101
13 қыркүйек 2018, Бейсенбі101
13 қыркүйек 2018, Бейсенбі101
13 қыркүйек 2018, Бейсенбі101
13 қыркүйек 2018, Бейсенбі101
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62