Бүгін: 19 қыркүйек 2018 жыл, (17:45)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

14 қыркүйек 2018, Жұма166

Аудан әкімінің орынбасары Мерей Маманбайұлының және аудан прокуроры Асхат Бисенбайұлының қатысуымен аудандағы қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың жағдайы туралы ведомствоаралық мәжіліс өткізілді.

Жиынға аудан депутаттары, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары, қала әкімі, тиісті бөлім, құқық қорғау органдарының, кәсіпкерлік палатасының басшысы, колледж, мектеп директорлары мен орынбасарлары аудандық Қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесінің төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты.

Алдымен жеке адам мен меншікке қарсы және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың жай-күйі мен алдын алу бағытында атқарылған шаралар туралы тиісті бөлім басшылары хабарлама жасады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе аудан көлеміндегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылған іс-шаралардың тиімділігі мен жай-күйі кеңінен талқыланды.

Қозғалған мәселелер жөнінде жиынға қатысушылар ұсыныс-пікірлерін білдіріп, баяндамашыларға сауалдарын жолдады. Сала басшылары қойылған сұрақтарға тиісінше жауап беріп, ұсыныстардың жұмыс барысында ескерілетіндігін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

14 қыркүйек 2018, Жұма166
14 қыркүйек 2018, Жұма166
14 қыркүйек 2018, Жұма166
14 қыркүйек 2018, Жұма166
14 қыркүйек 2018, Жұма166
14 қыркүйек 2018, Жұма166
14 қыркүйек 2018, Жұма166
14 қыркүйек 2018, Жұма166
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62