Бүгін: 18 желтоксан 2018 жыл, (20:15)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ МЕРЕЙІН ӨСІРДІ

05 қазан 2018, Жұма186

Елбасының бүгінгі халыққа жолдауынан білім саласы оның ішінде ұстаздар қауымы үшін көптеген жағымды жаңалықтарды естідім. Елбасы өз сөзінде мұғалімдерге көптеген жұмыстар жүктелетіндігіне және тынымсыз тексерулер көп екендігіне тоқталып, 2019 жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданатынын айтты.

Алдағы уақытта осы заң аясында мұғалімдерге артылатын жүктемелер азайтылып, ұстаздарды ынталандыру үшін барлық жағдай жасалынады.

Елбасы Жолдауындағы тағы да біз үшін ерекше қуанышты жаңалық дәрігерлер, құқық қорғау, қорғаныс органдары қызметкерлерімен қатар, мұғалімдердің де жалақысы 35%-ке көтерілетіндігі болып отыр.

Елбасының ұстаздар мәселесіне назар аударып, қолдау көрсетуі нәтижесінде еліміздегі білім саласының көрсеткіштері жақсаратындығына сенімдімін.

А. Бөлекбаев
Білім саласының ардагері

Ұқсас жаңалықтар

05 қазан 2018, Жұма186
05 қазан 2018, Жұма186
05 қазан 2018, Жұма186
05 қазан 2018, Жұма186
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62