Бүгін: 18 желтоксан 2018 жыл, (20:14)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

05 қазан 2018, Жұма246

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,  тәлім — тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Осы орайда, Ұстаздар күні мерекесі Орталық алаңда ерекше сән-салтанатымен аталып өтті.

Мерекелік кеш мектеп өмірінен сыр шертетін қойылыммен басталды.

Салтанатты шарада шәкірт санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымын аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы және облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Шынтасов Жасұлан құттықтап, мерекелік лебіздерін білдірді.

Еліміздің дамуына зор үлесін қосып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген бірқатар аудан ұстаздары  ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің, облыс әкімінің, Облыстық білім бөлімінің және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Үстіміздегі оқу жылында аудандағы физика пәні мұғалімдерінің арасында өткен додада жеңімпаз атанған №14  мектеп-лицейінің мұғалімі Сарсенбаева Еленаға жеңіл автокөлік кілті табыс етілді. Сондай-ақ,  жүлделі орын алған ұстаздар арнайы сыйақыға ие болды.

Мерекелік шара ұстаздарға арналған концерттік бағдарлама мен отшашуға ұласты.

Ұқсас жаңалықтар

05 қазан 2018, Жұма246
05 қазан 2018, Жұма246
05 қазан 2018, Жұма246
05 қазан 2018, Жұма246
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62