Бүгін: 18 желтоксан 2018 жыл, (20:14)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

КӨШЕ АТАУЫ БЕРІЛДІ

06 қазан 2018, Сенбі305

Ер есімі мәңгілік, ел есінде қалады» десек, елі үшін аянбай тер төгіп,  қызмет еткен арда азаматтарымыздың есімдері тарих парақтарына алтын әріппен жазылады.

Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Бисенәлі Халықовтың атына көше берілді. Бисеналы Халықов 1925 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Аяққұм ауылында дүниеге келген.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін көптеген марапаттардың иегері атанған. Соғыстан оралған соң, 15 жыл Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Қарашоқат темір жолында қызмет атқарды. Кейін зейнетке шыққанша Арал темір жолында еңбек еткен.

Артында қалған ұрпақтары барда атамыздың есімі ел есінде мәңгі қалары сөзсіз.

Көше атауын беру салтанатты рәсіміне Б.Халықовтың замандас інілері мен және көше тұрғындары, ұрпақтары қатысты. Алдымен аудан әкімінің орынбасары Рүстем Баймырзаұлы сөз сөйлеп соғыс  ардагерінің өмір жолы мен шараның мән-мазмұнына кеңінен тоқталды. Шара барысында Бисеналы ағамыздың замандастары да сөз алып, естеліктерімен бөлісті.

Осылайша, қаладағы жүздеген көшелер арасынан Ұлы Отан соғысының ардагері  Бисеналы Халықовқа бір көшенің есімі берілді. 

Ұқсас жаңалықтар

06 қазан 2018, Сенбі305
06 қазан 2018, Сенбі305
06 қазан 2018, Сенбі305
06 қазан 2018, Сенбі305
06 қазан 2018, Сенбі305
06 қазан 2018, Сенбі305
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62