Бүгін: 21 қазан 2018 жыл, (15:23)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

ҰЖЫМДАСТАР СПОРТТА БАҚ СЫНАСТЫ

11 қазан 2018, Бейсенбі103

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Арал аудандық бөлімдері қызметкерлерінің арасында спартакиада өткізді.

Спорттық шара түрлі филиалдың Халыққа қызмет көрсету бойынша орталығы , Әлеуметтік төлемдерді ведмоствоаралық есептеу орталығы және «Жер кадастры және жылжымайтын мүлік салаларында  еңбек етіп жүрген ұжымдастардың әріптестік қарым-қатынасын нығайтуға, салауатты өмір салты мен жаппай бұқаралық спортты насихаттауға бағытталды. Спорттық шараның ашылу салтанатына Арал ауданының әкімінің орынбасары Өтешов Рүстем  Баймырзаұлы және «Нұр-отан партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанатов Талғат Мырзағұлұлы қатысып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Жарысқа тыңғылықты дайындықпен келген әр команда жеңісті қолдан бермеуге тырысты. Жасыл алаңда барын салған әуесқой командалар спорттың 5 түрінен бақ сынады.

Сайыс барысында командалар тартысты ойын көрсетіп, нәтижесінде «Арлан»  командасы топ жарып I – орынды иеленді. II – орын «Барыс» командасына бұйырды, ал III – орынды «Сұңқар» командасы қанағат тұтты.

Үздік деп танылған командалар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиал директоры А.Қайруллаевтың,  Арал ауданының әкімінің орынбасары Р.Өтешовтің және  «Нұр-отан» партиясы аудандық филиалының мақтау грамоталарымен марапатталды, сонымен қатар ақшалай сыйақы табысталды.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының  баспасөз  қызметі

Ұқсас жаңалықтар

11 қазан 2018, Бейсенбі103
11 қазан 2018, Бейсенбі103
11 қазан 2018, Бейсенбі103
11 қазан 2018, Бейсенбі103
11 қазан 2018, Бейсенбі103
11 қазан 2018, Бейсенбі103
11 қазан 2018, Бейсенбі103
11 қазан 2018, Бейсенбі103
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62