Бүгін: 21 қараша 2018 жыл, (00:49)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

АРАЛДЫҚ ӨРЕНДЕР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

24 қазан 2018, Сәрсенбі141

Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті, себебі туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш.

Бүгін Арал ауданынан Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған азаматтарды  шығарып салу рәсімі өткізілді.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Рүстем Баймырзаұлы қатысып, сәт-сапар тіледі. Ел мен жерді қорғау қай заман де ер азаматтың мойынына жүктелген міндет.  Бүгінгі бейбіт күнде  бұл қағида өз күшін жойған жоқ. 

Күзгі  әскер қатарына қабылдау мерзімінде  ауданымыздан азаматтық борышын өтеуге жастар  ҚР Қарулы күштеріне қарасты Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы әскери бөлімге аэроұтқыр әскері қатарына аттандырылды.

Шара барысында оқушылар   қаруды шашып жинаудан көрініс көрсетті.  ҚР Қарулы күштері саласының ардагері Ж. Жұқабаев және Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы капитан Б. Қуатов сөз алып, жас сарбаздарға ізгі ниеттерін білдірді.

Сонымен қатар, әскерге аттанушы сарбаздардың ата-аналары да ақ жол тілеп, әскери міндетін аман-есен өтеп қайтуға тілектестіктерін білдірді.

 

Ұқсас жаңалықтар

24 қазан 2018, Сәрсенбі141
24 қазан 2018, Сәрсенбі141
24 қазан 2018, Сәрсенбі141
24 қазан 2018, Сәрсенбі141
24 қазан 2018, Сәрсенбі141
24 қазан 2018, Сәрсенбі141
24 қазан 2018, Сәрсенбі141
24 қазан 2018, Сәрсенбі141
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62