Бүгін: 21 қараша 2018 жыл, (00:48)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АРАЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XXV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

24 қазан 2018, Сәрсенбі197

Бүгін аудандық партия филиалының Төрағасы, аудан әкімі Оразбаев Мұхтар Әуесұлының төрағалығымен «Нұр Отан» пратиясы Арал аудандық филиалының кезекті XXV конференциясы болып өтті. Конференцияға ауданның 33 бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 75 делегаттың 71 делегаты қатысып, 4 делегат түрлі себептерге байланысты қатыса алмады және аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, аудандық мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары, партия ардагерлері мен белсенділері, «Жас Отан» жастар қанатының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Аудандық партия филиалының кезекті XXV конференциясының күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылды. 
1.Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын талқылау; 
2.«Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының Саяси кеңесінің құрамын сайлау туралы;
3.«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының конференциясына делегаттар сайлау туралы;
Конференцияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясының мүшесі, аудан әкімінің орынбасары Өтешов Рүстем Баймырзаұлы хабарлама жасады. Одан әрі аудандық партия филиалының Саяси кеңесінің құрамы және берілген квотаға сәйкес облыстық партия филиалының конференциясына делегаттар, тізім бойынша бір ауыздан сайланды. Бүгінгі аудандық партия филиалының кезекті XXV конференциясының қарауына ұсынылған күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті қаулы қабылданды.

Ұқсас жаңалықтар

24 қазан 2018, Сәрсенбі197
24 қазан 2018, Сәрсенбі197
24 қазан 2018, Сәрсенбі197
24 қазан 2018, Сәрсенбі197
24 қазан 2018, Сәрсенбі197
24 қазан 2018, Сәрсенбі197
24 қазан 2018, Сәрсенбі197
24 қазан 2018, Сәрсенбі197
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62