Бүгін: 21 қараша 2018 жыл, (00:50)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

АРАЛ АУДАНЫНДА АУРУХАНА ЖӘНЕ МЕКТЕП ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

02 қараша 2018, Жұма162

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев  ауданға жұмыс сапары барысында аудандық аурухана мен №14 мектеп-лицейінің  ашылу рәсіміне қатысты.

Алдымен аймақ басшысы аурухана ұжымын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар, дәрігерлік амбулаториялық бөлімшелерге 5 жаңа жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады.

Аталмыш шара барысында денсаулық сақтау саласының ардагері Т. Маханов және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә. Садықбаев жиналған көпшілікті құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді.

150 орындық аурухананың ғимараты 3 қабат, 4 блоктан тұрады. Оның ішінде терапия, хирургия, травматология, педиатрия, гинекология, инфекциялық және дерматовенерологиялық бөлімшелер қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, бүгін аудан орталығында № 14 мектеп-лицейінің ашылу рәсімі өтті. Мұнда дәрісханалардан басқа асхана, акт залы, кітапхана, спорт залы және мектеп ауласында спорт алаңы бар. Сонымен қатар, робототехника кабинеті, волейбол секциясы және шеберхана жұмыс істейді.

Аймақ басшысы ұстаздар мен ата-аналарды мектеп-лицейдің ашылуымен құттықтап, "Дені сау және білімді, бәсекеге қабілетті ұрпағымызбен өркениетті 30 елдің қатарына кіруге толық мүмкіндігіміз болады. Мектептің жаңа ғимараты педагогикалық ұжымға білім беру жүйесінің алдында тұрған міндеттерді шешуге көмектеседі  деген сенім білдірді.

Білім саласының ардагері Ә.Әнесов сөз алып, осындай ғимараттың салынуына атсалысқан азаматтарға және құрылысын жүргізген мердігер компанияға ризашылығын білдірді .

№14 мектеп- лицейінің және Мәскеу болат және қорытпалар институтының түлегі Ш.Қараева жаңа мектеп ғимаратының ашылғандығына ерекше қуанышты екендігін жеткізді.

Сонымен қатар, бүгін облыс әкімі Аралдағы апатты үйлердің орнына берілген 27 жеке үйдің тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар аймақ басшысына тез арада тұрғын үй мәселесін шешіп бергені үшін алғыстарын білдірді. Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында облыс әкімі тұрғындармен кездесіп, екіқабатты апатты үйлерінің орнына жаңа тұрғынүйлер салынатынын айтқан еді. Жоғарыда аталған отбасылар қыркүйек айында жаңа баспанаға ие болды. Әр үйдің аумағы 60 шм және тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған қосалқы учаскелері бар. Барлығына жарық жүргізіліп, су тартылған. Сондай-ақ, мердігер компания өз қаржысы есебінен табиғи газ жүргізіп, көгілдір отынмен жылытатын пеш орнатып, жерсеріктік телевизиясына қосып берді.

Ұқсас жаңалықтар

02 қараша 2018, Жұма162
02 қараша 2018, Жұма162
02 қараша 2018, Жұма162
02 қараша 2018, Жұма162
02 қараша 2018, Жұма162
02 қараша 2018, Жұма162
02 қараша 2018, Жұма162
02 қараша 2018, Жұма162
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62