Бүгін: 21 қараша 2018 жыл, (00:50)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТ ШӘКІРАТ ДӘРМАҒАМБЕТОВКЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

02 қараша 2018, Жұма163

Арал ауданында КСРО-ның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Шәкірат Дәрмағамбетовтің 90 жылдығына арналған мерекелік шара өтті.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев Арал ауданына жұмыс сапары барысында салтанатты шараға қатысып, мерейтой иесін құттықтады.

"Сыр өлкесі арғы-бергі тарихымызда шығармашылықпен айналысатын талантты ақын-жазушылардан, жыршы, қаламгерлерден кенде емес. Солардың бірі – талантты туындыларымен-ақ тұғырлы тұлғаға айналған, қаламы қарымды, ойы алымды, журналистика саласында өзіндік қолтаңбасы, өшпестей ізі бар, ақпараттың абызы Шәкірат Дәрмағамбетов ағамыз. Соғыс басталғанда 12-13 жастар шамасындағы бала болса да, "Еңбек армиясына" кеткен әкесінің ау-құралына ие болып, теңізден балық аулады. Пединститутты бітіргеннен кейін мектепте, партия комитетінде және аудандық, облыстық газеттердің редакцияларында жұмыс істеді. Бүгінде ауданнан шыққан қаламгерлер, журналистер көшін тоқсанға келсе де тұғырдан түспеген Шәкірат ағамыз бастап тұр»,-деді аймақ басшысы.

Аймақ журналистикасындағы көпжылдық еңбегі үшін Ш.Дәрмағамбетов ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталып, «Нива» автокөлігінің кілті табысталды.

Сондай-ақ, мерейтой иесін әріптестері мен замандастары, Қазақ ССР-нің Балық шаруашылығы министрі болған Құдайберген Саржанов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кішкене Айбосынов құттықтады.

Өз кезегінде, Ш.Дәрмағамбетұлы әріптестеріне риясыз көңілдері үшін алғысын білдірді.

Шәкірат Дәрмағанбетов 1950 жылы Қызылордадағы педагогикалық институттың тарих факультетін тәмамдаған. Бітірген соң Оқу министрлігінен Гурьев (Атырау) облысына жұмысқа жолдама берілді. Атыраудан соң Арал ауданының Шөмішкөл, Октябрь, Қаратерең мектептерінде директор, колхозда партком хатшысы, аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы, 1960 жылдың ақпан айынан Арал аудандық «Социалистік Арал», Қазалы ауданында «Ленин туы» газеттерінде бөлім меңгерушісі және редактордың орынбасары қызметтерін атқарып, 1966 жылдың наурыз айынан бастап облыстық «Ленин жолы» газетінің Арал-Қазалы аудандарындағы меншікті тілшісі болады. Ол өз міндетін 25 жыл мінсіз атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

02 қараша 2018, Жұма163
02 қараша 2018, Жұма163
02 қараша 2018, Жұма163
02 қараша 2018, Жұма163
02 қараша 2018, Жұма163
02 қараша 2018, Жұма163
02 қараша 2018, Жұма163
02 қараша 2018, Жұма163
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62